• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 4 желтоқсан, 2018 жыл.

07.12.2018
0

— 2018 жылы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:32 сағатта ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық екі ғарыш аппараты ғарыш жүйелері — «KazSTSat» микроспутнигі мен «KazSciSat-1» наноспутнигі «Falcon 9» тасымалдағыш зымыранымен Вандерберг (АҚШ, Калифорния) ғарыш айлағынан ұшырылды. Ұшырылым штаттық режимде өтті.

Ғарыш жүйелерінің мақсаты – жобалау технологияларын жетілдіру, жинау және төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын сынау, Жер ионосфераларына ғылыми зерттеу жүргізу, технологиялық жүктемелер (меншікті әзірлемелердің қосалқы жүйелері) үшін ұшу тарихын алу.

Алғаш рет ғарыш аппараттарын құруға ҚР Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»  «Ғалам» ЖШС мен ҚР Аэроғарыш комитетінің қарамғындағы «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты қатысты.

Айта кету керек, а.ж 23 қазанынан «Ғалам» ЖШС инженерлері «SSTL», және «SpaceX» компанияларындағы өздерінің әріптестерімен бірлесіп тасығыш зымыранның ғарыштық бастиек бөлігінің модуліне спутниктер орнатты.

—  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақстандықтарға тағы да бір серпіліс берді. Онда Нұрсұлтан Назарбаев тариxты қайта жаңғыртып, ұлттық мұраларымызды ұмытпауды атап өткен болатын. Осыған байланысты «Айғақ» телеарнасы тағы бір жобаны қолға алып отыр. Қазақстанның астанасы болған 9 бірдей қаланың әрбіріне тоқталып, алдағы уақытта көрерменнің назарына арнайы бағдарлама ұсынбақ. Түркістан облыстық мәслиxатының депутаты Дулат Әбіш бастаған шығармашылық топ желтоқсанның алғашқы жексенбісі күні Шымкент- Мәскеу-Орынбор бағытымен жолға шықты. Мақсаты, Қазақ автономиялық республикасының тұңғыш астанасы — Орынбор қаласында деректі фильм түсіру.

Қазақ пен орыс xалқының қарым-қатынастарында Орынбордың орны ерек. Бұл қала патша билігінің қудалауына ұшыраған қазақтың ұлттық қайраткерлеріне пана болды. Мәселен, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейxан, М.Дулатов секілді интеллегенциялар осында қажырлы еңбек еткен. Орынборда қазақ ұлтының тәуелсіз болуын көксеген I, II съезд өтті. Осының барлығы бүгінде 125 мыңнан астам қазақ ұлты тұрып жатқан Орынбор аймағының Қазақстан тариxында айрықша орны бар байырғы астана екендігін көрсетеді. Қазақ автономиясының алғашқы астанасы болған Орынборда түсірілім жұмысына «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы дүйсенбі күні кірісті.

Жұмысты аспан кеңістігін алғаш бағындырған Юрий Гагариннің білім алған оқу ордасынан бастадық. И. И. Неплюева атындағы кадет корпусы 1844 ашылған алғашқы мектеп. Мұнда ғарышкер Ю. Гагарин ғарышқа ұшудың қыр-сырын меңгеріп, көкте қалықтауды армандапты. Сол мақсаты жүзеге асты. Тариxта есімі қалған айтулы тұлғамен тереңірек танысып, оның жеке заттары сақталған музейді шарлап шықтық.  Юрий Гагариннің курстасы 85 жастағы Анатолий Быковті кездестіріп, әңгімелесті.

Қазақ автономиясының алғашқы астанасы болған Орынбор туралы осындай тариxтармен танысуға осындағы қандастарымыз қол ұшын созды. «Бәйтерек» қайрамдылық қорының төрайымы Сәуле Тайекешова, «Атамекен» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Руслан Чукеев, Орынбор облысы мәденет және ішкі байланыс министрінінің көмекшісі Олег Безуглый көмек көрсетіп, Қазақстаннан барған біздерді құшақ жайып қарсы алды. Қонақжайлығын танытып, достық ықыласын көрсетті. Қазақ АКСР-нің астанасы болған Орынбор қаласында Айғақтықтар осылайша есте қалар тағы бір күнді өткізіп, ерекше әсер алды.

— Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков 27 қараша 2018 жылы Алматы қаласында оралмандармен кездесу өткізді. Осы кездесудің нәтижесінде Қауымдастық пен «Отандастар қоры» бірігіп жұмысшы тобын құрды.

Мақсаты: Жекелеген адамдардың, бөлініп қалған отбасылардың арыз шағымын құзырлы мекемелерге жеткізіп, жинақталған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету және бақылау. Жүмысшы тобының екі адамы іс-сапармен  Алматы қаласына барып,  арыз, шағым қабылдайды.

Жұмысшы тобының құрамында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Қарылғаш Бекпатшақызы, Рахым Айыпұлы, Серік Ахметов. «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның өкілі Айгүл Қонақбаева, қоғамдық ұйым өкілдерінен Омарәлі Әділбекұлы, Мұқан Мамытқанұлы бар.

—  ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ, ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ. Бұл 21 қараша күні жарияланған Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жан-жақты талқыланып, көрініс тапқан. Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар бағдарламалық мақаланың жалғасы. Ұлтымыздың ұлы қасиеттерін дәріптеп, санаға сіңіруді көксейтін екі мақаланың да ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерек. Алдымен, өзіміз бұл дәреженің деңгейіне дендеп енуіміз енуіміз керек.  Елбасы айтқандай, Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Рухани азық, ұлт болашағымен астасып жатқан мақаланың болашақ үшін берері мол. Осы тұста, ұстаздар назарындағы мақала аясында айтылған пікірлерді тыңдайық.

– Елімізде тиым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі. Осыған орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен құрылған «Дәстүрлі құндылықтар» керуені аудан қалаларды аралап халықпен кездесіп жүр.  Мұндағы мақсат азаматтарымыздың   өзге діни ағымдардың арбауында кетпесі үшін бүгінгі жастардың  діни сауаттылықтын  арттырып дұрыс бағыт-бағдар беруге бағытталған.  Сондықтан келелі кездесу бұл жолы Бәйдібек ауданында ұйымдастырылса, онда  Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары баяндама жасады.

—  Арыс қаласында қуаты жылына 14 мега килоВат болатын күн электр станциясы салынбақ. Франциялық инвесторлар тартылған бастаманың алғашқы құрылыстары басталып кеткен. Күн көзінен электр энергиясын өндіретін компания 2019 жылдың 4 тоқсанында ,яғни тамыз айында іске қосылмақ. Сонымен қатар, компания қызметкерлері, біліктілікті арттыра отырып, күннен келетін қаутты жылына 20 мега киловатқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

– Төлеби ауданында қаңғыбас ит, мысықтарды аулап жою жұмыстары қарқынды. Бұл бағытқа жергілікті бюджеттен биыл 7 млн. теңгеден астам қаржы қаралса,  тиісті жұмыстарды жүзеге асыру «Төлеби ауданының ветеринариялық қызметі»  мекемесіне жүктелген. Сондықтан аталмыш мекеме бұл бағытқа арнайы  бригада жұмылдырып, жыл басынан бері иесіз ит, мысықтарды аулау шараларымен айналысып келеді. Ол үшін арнайы жасақталған топ  қажетті киім кешектермен және техникамен қамтамасыз етілген. Айталық биыл жыл басынан бері мекемеге қарасты бригада күшімен  3,5 мың бас иесіз ит мысықтар  ауланып жойылса, тиісті меже  қазірге дейін 90 пайызға орындалып отыр.  Осылай деген «Төлеби ауданының ветеринариялық қызметі»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Марат Мелдебековтың айтуынша қаңғыбас ит мысықтардан жарақат алған азаматтар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Бұған қоса өзге де  ветеринариялық шаралардың сапалы атқарылуы нәтижесінде төрт түліктен таралатын жұқпалы аурулар көрсеткіші де төмендеп отыр.

— Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылында орналасқан төрт түлікті саудалайтын базар талаптарға сай жұмыс жасайды. Мамандардың айтуынша, базар аумағына тек құжаты бар үй жануарларын ғана кіргізу жұмысы дұрыс жолға қойылған. Бұл өз кезегінде мал ұрлығы және жұқпалы індеттердің таралуын алдын алуға септігін тигізеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.