• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 30 қараша, 2018 жыл.

05.12.2018
0

— «Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылғаны хабарланып отыр. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген. 1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы, 1998-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары, 2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры, 2014-2015 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры, 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде болып, 2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.

— Бүгін Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешевтің төрағалығымен Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі  селекторлық жиын өтті. Онда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының мақаласында айтылған міндеттерді орындауға байланысты өңірде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта іске асырылатын жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, облыс әкімі 2019 жылы Түркістан облысында «Сәйгүліктер» фестивалі ұйымдастырылатынын айтты. Ұлттық кодты жаңғырту мақсатында өткізілетін шара аясында ұлттық ат спорт ойындары: теңге алу, аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, сәйгүліктер шеруі, сонымен қатар, ат әбзелдері, аттылы жауынгерлердің киімі мен қару-жарақтарына арналған көрмелер, жылқы малына байланысты жыр мүшәйрасы, жыршылар мен термешілер байқауы өтеді деп жоспарлануда. Одан бөлек, Қ.А.Ясауидің тарихи болмысын жаһанға өз деңгейінде толық танытып, насихаттау мақсатында бірқатар шаруалар атқарылмақ. Атап айтқанда, Елбасы тапсырмасы бойынша, жаңа Түркістанда Ясауи музейі салынбақ. Бұл мұражайда ғұлама мен оның шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектері қойылады. Яғни, Ясауи феноменін жоғарылатып, атын асқақтату арқылы ғылымды ғана емес, туризмді де дамыту мүмкіндігі ашыла түседі. Сондай-ақ, Түркістан қаласында әлемнің түкпір-түкпірінде Ясауи бабаның ғылыми мұрасын зерттеп жүрген ясауитанушылардың басын қосып, халықаралық конференция өткізу межеленген. Ясауи мұралары кешенді түрде зерттеліп, деректі және көркем фильмдер түсіріледі. Атқарылған жұмыстар мен жоспарға қаныққан Әсет Өрентайұлы шаруаны ширата түсіп, кестеге сай жұмыс істеуді тапсырды.

— 2018 жылғы 30 қараша күні Шымкент қаласында экстремизмге қарсы күрес және заңсыз көші-қон саласындағы шекаралық ынтымақтастық сұрақтары бойынша Өзбекстан Республикасының ІІМ және Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлерінің екіжақты кездесуі болып өтті.  Кездесуге Қазақстан жағынан ҚР ІІМ Штаб бастығы полиция полковнигі Қайрат Сүйінбаев, Түркістан облысы ПД бастығы полиция полковнигі Қ. Дәлбеков бастаған департамент басшылығы және Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Шардара және Жетісай аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары қатысты. Өзбекстан ІІМ-нен Ұйымдастыру департаментінің бастығы Норгитов Шухрат және шекаралық Жизақ, Ташкент және Сырдария облыстарының бастықтары: генерал-майор  Кадиров Гайрат, полковник Арипов Тохтар, полковник Жураев Мухитдин бастап келді.  Кездесу барысында қатысушылар екі елдің ішкі істер органдарының қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара байланысты алдағы уақытта жандандыру бойынша және шекаралық ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады. Қорытындылай келе, Қазақстан мен Өзбекстан ІІМ өкілдері қылмыспен күрес және шекаралық ынтымақтастық саласы бойынша бірлесіп ұйымдастыратын және іс жүзінде жүзеге асыратын бірқатар құжаттарға қол қойды.

—  «AFROFEST-2018» облыстық ауыл шаруашылығы фестивалінде Қазығұрт ауданы 2-орынды иеленген болатын. Аталмыш аудан әкімі Төлеген Телғараев 2018 жылдың 10 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.  Алдағы уақытта да Елбасы саясатын жүзеге асыруда аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланбақ.

— Мылқау бейнені түсінікті тілмен сөйлетіп, тарихты туынды арқылы көрсете білу тек суретіші мен мүсіншінің қолынан келетін өнер.  Осындай дарынмен дараланған таланттардың ішінде Сұлтан Иляевтің орны бөлек. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының мүшесікүні кеше Аламаты қаласында шығармашылығын тағы бір таныстырып, көрерменді жиды.

—  Психология – жан туралы ілім. Елбасы 5 қазандағы халыққа арнаған жолдауында мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырған болатын. Осы мақсатта, рухани астанада тұңғыш рет республика көлемінде жас психологтар форумы өтті. Шара соңында Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы үш жақты меморандумға қол қойды.

— «Мен елімнің ертеңімін». Осындай тақырыппен Шымкент қаласындағы № 52-і мектеп — лицейі ашық есік күнін өткізді. Дәстүрлі түрде өтетін жиынға қатысқан ата-аналар алдымен мектеп ішінде арнайы экскурсия жасап, оқушылардың қолымен жасаған көрмені тамашалады. Онда  қолөнер бұйымдары, робот техникалар, суреттер мен мүсіндер қойылыпты. Сондай-ақ, келген қонақтар/мектеп ұжымы мен оқушылардың бір жыл ішінде жеткен жетістіктері, атқарылған жұмыстар ретімен танысты. Арнайы экскурсиядан кейін, ата-аналар оқушылардың орындауында концерттік қойылымды қызықтады. Өнерлі балалар келген қонақтарға әнмен шашу шашып, мың бұрала биледі.

— 2016 жылы мектеп-лицей деңгейіне көтерілген білім ордасында 2300-ге жуық шәкірт білім алады. Сол уақыттан бері, оқушыларға химия-биология, физика-математика бағыттары бойынша білім беру дұрыс жолға қойылыпты. Сондай-ақ, мұғалімдер мектеп базасындағы пәндерді  үш тілде оқыту жүйесін қолға алған. Қазіргі таңда номері 52 мектеп-лицейінде, оқушының жан-жақты дамуына сеп болатын бірнеше бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді..

«Айғақ-ақпарат».

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.