• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 3 желтоқсан, 2018 жыл.

05.12.2018
0

— ҚР Тұңғыш Президент күнінде Шымкент қаласының тарихы ерекше оқиғалармен толықты. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтарына арналған, шаһардағы тұңғыш арбаттың лентасы қиылып, пайдалануға берілді. Шымшаһардағы аты да заты да ерекше саябақтың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және халық қалаулылары қатысты.

— Үшінші мегаполис Шымқалада тұңғыш президенткүні ерекше сарында тойланды. Бұл күні қаламыздың белсенді жас буын өкілдері бас қосып, «Домбыра party» флешмобын ұйымдастырса, түрлі салада көп жылдар бойы тынымсыз еңбек еткен алдыңғы буын ағалар «Астана қаласына 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

— Белгілі журналист,  жазушы, «Алғабас» газетінің бас  редакторы, Қазақстан Журналистер одағынның мүшесі Абзал Әлішерұлы Әділбеков биыл асқаралы 60 жасқа толып отыр. Осыған орай Бәйдібек аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, онда қаламгердің  «Шаяннан шыққан қос  батыр» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жазушылықпен қатар журналистік жұмысты қатар алып жүрген Абзал Әлішерұлымен кездесуге бұл күні жастар қауымы мен зиялы қауым өкілдері жиналды.

— Елімізде тиым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі. Осыған орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен құрылған «Дәстүрлі құндылықтар» керуені аудан қалаларды аралап халықпен кездесіп жүр.  Мұндағы мақсат азаматтарымыздың   өзге діни ағымдардың арбауында кетпесі үшін бүгінгі жастардың  діни сауаттылықтын  арттырып дұрыс бағыт-бағдар беруге бағытталған.  Сондықтан келелі кездесу бұл жолы Бәйдібек ауданында ұйымдастырылса, онда  «Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары баяндама жасады.

— Жоспарлы кестеге сәйкес Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Даул Панзабеков аудан тұрғындары алдында өз есебін берді. Жиынға аудан прокуроры, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтің әкімдері, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Мәжіліс барысында Даул Төребекұлы көпшілік алдында «2018 жылғы 10 айдың қорытындысымен бөлімнің алда атқаратын жұмыстары, міндеттері жайында» баяндама жасады. Оның айтуынша аудан көлемінде қылмыстың барлық түрі өткен жылмен салыстырғанда төмендегені байқалады. Бастысы ауыр және аса ауыр қылмыс азайған. Бұл ретте мінбеге шығып сөз алған азаматтар да  полиция қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстарына оң баға беріп,  ұсыныс-пікірлерін білдіріп жатты. Ал есепті жиынды аудан әкімі Бақытбек Танагөзов  қорытты.

— Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында орналасқан №6 негізгі орта мектеп-интернатының іргесі 1959 жылы қаланған. Жалпы 200 балаға шақталған білім ордасында, бүгінде 180-ге жуық оқушы бар.

— Арыс қаласында қуаты жылына 14 мега килоВат болатын күн электр станциясы салынбақ. Франциялық инвесторлар тартылған бастаманың алғашқы құрылыстары басталып кеткен. Күн көзінен электр энергиясын өндіретін компания 2019 жылдың 4 тоқсанында ,яғни тамыз айында іске қосылмақ. Сонымен қатар, компания қызметкерлері, біліктілікті арттыра отырып, күннен келетін қаутты жылына 20 мега киловатқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

— Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткенді ұмыттырмай, тарихты қайта жаңғырту болды. Сондай-ақ халықтың тарихи санасын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізді. Солардың бірі Арыс қаласының зиялы қауым өкілдірі. Мақаламен жіті танысқан азаматтар , енді оны қарапайым халыққа насихаттау үстінде.

— 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталуына байланысты Арыс қаласының барлық жастары Дендросаябаққа 2019 түп ағаш екті.  Көшеттерді отырғызып, қаланы көркейтуге жастармен бірге  зиялы қауым өкілдері де атсалысты. Игі бастама соңы ақсақалдардың батасымен, жастардың ән шашуымен аяқталды.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.