Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 29 қараша, 2018 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 29 қараша, 2018 жыл.

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2018Updated:05.12.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     — М.Әуезов атындағы ОҚМУ өзінің 75 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Университетті әр жылдар басқарған ректорлары шараға арнайы шақыртылса, оқу орнының түлектері бүгінгі жиынның құрметті қонағы. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдері, Ұлттық ғылым академиясының президенті жазушы Мұхтар Әуезовтің еңселі ескерткішінің ашылуына мұрындық болды.

     — 1-ші  Желтоқсан Тұңғыш Президент күні.   Осыған орай Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Тұлға, Елбасы, Тарих» тақырыбын арқау еткен кең ауқымды мерекелік шара өтті.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасалған іс-шара барысында бірқатар азаматтар мерекелік марапаттарға ие болды.

     — Мемлекеттік мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы да «Қазақ дастарханы» фестивалі ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысына қарасты 14 этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып ұлтық тағам пісіруден сынға түсті. Достықпен этносаралық келісім идеяларын насихаттауға арналған жарыс биыл 4-ші рет өткізілуде.

     -Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында жалпы 32 кәсіпорын жұмыс жасауда. Нәтижесінде  өңірлік өнім көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 112%-ға артқан.  Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласында да бір шама өсім байқалады. Бұл туралы аптаның сәрсенбісінде ауданның 10 айлық қортындысын жасаған Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

     — Оңтүстік Корея елінде ота жасатқан бүлдіршін Отанға оралды. Естеріңізде болса, аптының алғашқы күнінде «Қоян жырық» диагнозымен науқастанған кішкентай Нұркен Кореяда ота жасатқан болатын. Медицина саласы дамыған күнгей елде алған емі мен отаны толығымен  Сун Хян Хун емханасы тегін көрсеткен. Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Корея елдері арасында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы сәтті өтіп, бүгін міне елге аман есен келді. Туыстары мен кішкентайдың әкесі қолына гүл шоғын алып, күтіп алуға асық. Өз баласын көрген әке ұлын бірден құшағына алып, сағынышын басуда.Өзге елде баласын емдетіп келген Нұрила Исаеваның айтуынша бүлдіршіннің қазіргі жағдайы қалыпты. Ота жасату кезінде де ешқандай ауытқулар мен келеңсіз жағдайлар болмаған.

     — Тұңғыш Президент күніне орай, Батырбек Өтеп атындағы Өнер мектеп-интернатында оқушылар арасында айтыс өтті. Түркістан облысы білім басқармасының мұрындық болуымен өткен сайысқа қала және аудан мектептерінен сөз маржанын терген жас ақындар қатысты Дәстүрлі түрде сегізінші рет өткен іс-шарада 18 оқушы жұп болып өнер көрсетті. Онда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған ерекшеліктер оқушылар көзімен сараланды. Сондай-ақ, Елбасының 5 қарашадағы жолдауында айтылған мұғалім мәртебесі де назардан тыс қалмады. Жас буын ақындардың өнеріне Әселхан Қалыбекова бастаған қазылар тобы төрелік етті.

     — Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастарыдәрі өндіретін  цехқа барып, өнімнің нарыққа шығу үдерісімен танысты.Болашақта еліміздің экономикалық өсіміне пайдасы тиетін осындай кәсіп ашады деген сеніммен шараға белсенді студенттер шақыртылған. Емге шипа іздегенде пайдаланатын дәрі-дәрмектің қалай өндірілітіні жастардың қызығушылығын туғызды.

     — «Дүние жүзілік /ЖИТС/ Жұқтырылған имундық тапшылығы синдромына қарсы күрес» күніне орай Шымкент көпсалалы колледжінде арнайы семинар өтті.Оған облыстықорталық  мамандары мен  студенттер қатысты. Басты мақсат, жастарды салауатты өмір салтын насихаттап, жұқпалы ауруды алдын алу және сақтануға шақыру.

    «Айғақ-ақпарат».

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.