• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 15 қараша, 2018 жыл

24.11.2018
0

— Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жастарға жол сілтеді. «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» деген тақырып аясында жиын өткізіп, республика деңгейінде пікірсайыс басталды. Үш күнді қамтитын бұл жарыста жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа қол жеткізбек. Бейресми кездесу кезінде Түркістан облысының әкімі жастарға кеңес айтты. «Жаттанды сөйлеп, жаңылтпашпен жұртты жаңылдыруды тоқтату керек» дейді. «Шын көңілден шыққан сөз жүрекке жетеді» деп шындықты қатты айтты.

—  Қараша  айының 15-ші жұлдызы күні «Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастығының І форумы»  аясында  көршілес елден арнайы делегация келді. Өзбекстанның 200-ге жуық халық қалаулылары мен кәсіпкерлерін вокзал маңынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин бастаған әкімдіктің өкілдері қазақы салт дәстүрмен  күтіп алды.

— Үшінші мегаполисте Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылының жабылуына орай бизнес-форум басталды. Оның негізгі мақсаты – екі елдің туризм саласындағы жемісті ынтымақтастығын қорытындылау. Форумға қатысушылар Жібек жолы мемлекеттерінің өзара серктестігі, соның ішінде Орталық-Азия аймағының Ресей мен Еуропа елдері нарықтарында турөнімдерді таныту мәселелерін талқылады. Туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар пысықталып, екі ел арасындағы ынтымақтастық насихатталды.

 – Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастығының алғашқы форумы аясындағы іс шараның бірі Шымкент қаласында өткен Өзбек халқы ұлттық  тағамдарының фестивалі болатын. Яғни, бұл күні палау тағамдарымен қоса самса, ұлттық нан өнімдері әзірленіп келген қонақтарға ұсынылса, бұл күнгі форум әрмен қарай  Қазақстан және Өзбекстан елдерінде өндірілетін өнімдер көрмесіне ұласты.  Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік жеңіл өнеркәсібі мен автомобиль салалары бойынша ұсынылған көрмеге Өзбекстан тарабынан өзге көршілес бірқатар облыстардың тауар өндірушілері келіп қатысса, маңызды шараға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин де арнайы келген.

— Егер сіз басыңызға жұмыс таппай, шаруашылыққа жер жоқ деп жүрсеңіз… Онда Солтүстікке қоныс аударыңыз. Баспана қарастырылып, әр адам басына 85 мың теңгеден қаржы аласыз. Және өзіңіздің мамандығыңыз бойынша да жұмыс орны жеткілікті. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Шымкент қаласына арнайы келіп, басшылық жасап отырған өлкесіне шақырды.

— Барлық тірлікті басынан бастап, жаңадан іске кіріскен Түркістан облысында кәсіпкерлік палатасы ашылды. Салтанатты жиынға еліміздегі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және өңірлік бизнесмендер қатысты. Заманауи ыңғайлы жұмыс кеңістігі қалыптасқан палата кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеп, құқықтарын қорғауға ұйытқы болмақ. Жаңа ғимараттың ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағыда ашылды. Яғни, бұрын кеңесшілердің көмегімен бизнесті қалай бастауға бағыт сұраған болсаңыз, енді онлайн режимінде мемлекеттің мүмкіндігін біліп отыруға зор мүмкіндік бар. Мұнда, кәсіп үйренемін деушілерге бизнес мектебіде жұмысын бастап кетті. Басты мақсат Түркістан облысында кәсіпкерлердің  санын көбейтіп, инвестиция бойынша келіссөздерді күшейту.

— Өзбекстан мен Қазақстанның бірлігі мен достығын бұқпасыз баяндайтын «Бауырлас ел» деректі фильмінің тұсаукесері аптаның сәтті күні сәрсенбісіде өткен болатын. Аталған фильмнің салтанатты таныстырылымынан соң бауырлас елдің тараптары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің белсенді жастарымен және орлардың тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесу барысында студенттер қонақтармен еркін пікір алмасып, өз ойларын жеткізді.

— Мегаполисте «Халықаралық білім беру жәрмеңкесінің» көрмесі өтті. Жалпы бұл көрмеге 40 елден 200-ге жуық университет өкілдері қатысуда. Ал, арнайы Шымкент қаласында 96 жоғары оқу орнынан келген 150 шетелдік өкілдер қатысты. Олардың ішінде 60 пайызы Қазақстандық азаматтар үшін тегін тұратын орын мен шәкіртақы  беруге дайын болып отыр.

— Облыстық тері–венерологиялық аурулар диспансерінде псориаз ауруының алдын алу және емдеу бойынша белгілі профессормен кездесу өтті. Яғни Алматы қалалалық медицина академиясының кефедра меңгерушісі, профессор әрі тері-венерологиялық ғылыми зерттеу институтының бас маманы Қалдыкүл Сайлауова қажетті кеңестерімен бөлісті. Айта кету керек қазіргі таңда әлем халықтарының 5 пайызы псориаз ауруымен ауырады. Созылмалы тері дертінің бұл түрі жас талғамайды. Тіпті жаңа туылған нәрестеден бапстап таяққа сүйенген қарттың да аталмыш аурумен ауыруы мүмкін. Дегенмен бұл емі жоқ дерт емес, жазып алуға болатын ауру. Осы тұрғыда аурухана дәрігерлері және науқастармен кездескен профессор тері ауруын тиімді емдеу жолдарына кеңінен тоқталды. Бұл тұрғыда қабыршақты теміреткінің емі және пайда болу себептері де жан-жақты баяндалған басқосудың әсіресе науқастар үшін тиімділігі мол болмақ. Осылай деген сала мамандары профессорлардан кеңес алуға арналған мұндай маңызды кездесулердің облыстық тері-венерологиялық аурулар  диспансерінде бірнеше жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқандығын айтады.

 

Previous Post

Жаңалықтар. 14 қараша, 2018 жыл.

Next Post

Жаңалықтар. 16 қараша, 2018 жыл

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.