«Отандастар» Қоры Қоғамдық даму министрлігі мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы біріге отырып, «Туған жерге тағзым» атты кең ауқымды жобаны бастады. Алыс-жақын шетелдерден арнайы келген қандастарымызға Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы ұйымдастырылуда. Жобаның алғашқы экскурсиясы түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан өңірінің киелі жерлерінен бастау алды. Мұндағы мақсат тарихи орындарды және өңірдің өзге де көрікті жерлерін отандастарымызға таныстыру. Осы арқылы қазақ халқының мәдени және рухани құндылықтарын насихаттап, қандастарға туған жердің ыстықтығын жүректеріне жеткізіп, рухани азық сыйлау.
БҮГІНГІ ТӘРБИЕ – ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ
Ата сөзі ақылдың көзі. Ұлттық құндылықты ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері бір алаңда...




























