Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістан облысында соңғы 10 айдың ішінде 2,5 мың адамнан Қант диабеті анықталған
    Бас ақпарат

    Түркістан облысында соңғы 10 айдың ішінде 2,5 мың адамнан Қант диабеті анықталған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    14 қараша — әлем жұртшылығы үшін қант диабеті ауруына қарсы күрес күні. Осыған орай, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық орталық емханада «Ашық есік» күні өтуде. Қан диабеті (Сусамыр) дертімен күрес аясында, науқастар Түркістандықтар облыстан арнайы келген эндокринолог мамандардан кеңес алып, тұрғындар қандағы қант деңгейін анықтау анализін жасатуда.  
    14 қараша —  инсулинді синтездеп, алғаш рет науқасқа еккен ғалым Фредерик Банкингтің туған күні құрметіне белгіленді. Бұл күнді әлемнің 160 мемлекеті атап өтеді.
    Қант диабеті – кең тараған қауіпті ауру. Жазылмас дертке шалдыққандар саны жыл өткен сайын көбеюде. Бүгінде денсаулықты сақтаудың, кез- келген кеселдің алдын алудың ең тиімді жолы — скрининг. Осы арқылы халықтан кең тараған ауру түрлері ертерек анықталып, ұтымды емдеу ісі жүргізілуде. Түркістан облысында соңғы 10 айдың ішінде 2,5 мың адамнан Қан диабеті анықталған. Бұл науқастар «Денсаулық» басқармасы аясында өткізіліп жатқан тегін скрининг жұмыстары барысында анықталған. 40 пен 70 жас шамасындағы азаматтар тіркелген емханасында скринингтен ақысыз өте алады.
    Дәрігерлер 40 жастан асқан, дене салмағы ауыр адамдар мен гипертонияға шалдыққан жандарға қант диабетіне ұдайы тексеріліп отыру керегін ескертеді. Дерттің бұл түрі тұқым қуалайды.
    Сусамыр ауруы өте күрделі және қатерлі ауру.
    Бұл ауруға қанттың қандағы деңгейі көтерілуі тән. Оның соңы асқазан асты безі шығаратын гормон- инсулиннің аздығы туындап, ақырында зат алмасудың бұзылуына алып келеді. Қант диабетінің ІІ типі таблеткамен емделсе, І-шісі тек инсулинге көнеді.
    Түркістан облысында 23 мыңға жуық адам қан диабеті дертіне шалдыққан. Сусамыр дертіне шалдыққандардың 93% -ы 40 -80 жас шамасындағы азаматтар.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.