Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қазақстан мен Өзбекстан — арадағы жемісті әріптестік және достық
    Бас ақпарат

    Қазақстан мен Өзбекстан — арадағы жемісті әріптестік және достық

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.20181 222 Views

    Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастығының 1 форумы аясында ұйымдастырылған шараның бірі Өзбек халқы ұлттық тағамдарының фестивалі болатын.

    Яғни, бұл күні Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде көршілес елдің ұлттық тағамдары әзірленсе, өзбек халқының үрмелі аспаптар оркестрі мерекенің көрікін қыздыра түсті.

    Сонымен бұл күнгі тағамдар фестивалінде палау, тандыр нан, самаса, және кәуап түрлері  әзірленіп келген қонақтар назарына ұсынылды.

    Айта кетсек, бауырлас әрі  көршілес өзбек пен қазақ халықтарының арасындағы тарихи достықтың тамыры тереңде жатыр. Ал, нақ осы  тығыз қарым-қатынасты дәріптейтін қос елдің де қонақжайлық кәделері де көпке үлгі боларлықтай. Осы орайда маңызды форум аясында Шымкент қаласына келген қонақтарға бұл күні ақ дастархан жайылып құрмет көрсетілді. Ал өз кезегінде Өзбекстандық делегация құрамында келген бірқатар облыстың әкімдері алдағы уақытта да Шымкент қаласымен және Түркістан облысымен сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта түсуге мүдделі.

    Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында бұл күні Шымкент қаласындағы көрме орталығында екі ел тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік жеңіл өнеркәсібі мен автомобиль салалары бойынша ұсынылған көрмеге Өзбекстан тарабынан өзге көршілес бірқатар облыстардың тауар өндірушілері келіп қатысса бұл шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин бастаған бірқатар министрлік өкілдері де арнайы келген. Олар Өзбекстаннан келген делегациямен бірге көрмені аралап шықты.

    Өзбекстан қай салада болмасын Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі. Тәуелсіздік жылдарында Өзбекстанда мұнай газ саласы, сондай-ақ тоқыма, ауыл шаруашылығы, құрылыс және туристік салалар қарқынды дамыды. Автомобиль өнеркәсібінде елеулі жетістіктерге қол жеткізген Өзбекстан ТМД аясында жеңіл автомобильдерді ірі экспорттаушы, сондай –ақ көлік коммуникациялары  мен логистикада айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Осы орайда Өзбекстандық Узагротех холдингі бұл көрмеге ауыл шаруашылық техникаларының бірнеше түрін ала келген.

    Жалпы бұл күнгі көрмеге Өзбекстан және Түркістан облысы тауар өндірушілерінен өзге, еліміздің бірқатар облыстарындағы алпауыт кәсіпорындар мен шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар  өз өнімдерін ала келген. Ал бұл ретте  тараптар арасында сауда-экономикалық байланысты нығайта түсуді көздеген Жамбыл, Қызылорда, Атырау сынды облыстардың әкімдері де көрмені аралап маңызды форумның басы қасынан табылды.

    Өзбекстан мен Қазақстанды сауда экономикалық байланыстардан өзге тарихи-мәдени мұралар да байланыстырады. Сондықтан екі ел арасындағы ытымақтастық пен достық әрмен қарай да өз жалғасын таба бермек.

    Абай Омар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.