Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай сырлы Созақ жерінде «Ынтымағы жарасқан» атты аспаздар жарысы өтті. 11 мыңға жуық халқы бар Созақ елді мекенінде бүгінде тұрғындарының 30 пайызы өзбек ұлтын құрайды. 80 жылдан бері аталған жерді паналап келе жатқан халық осы күнге дейін жергілікті халықпен ынтымағы жарасып келеді.
Бүгінгі өткен жарысқа жергілікті ауылдан 8 үміткер қатысуда. Барлығының діттеген мақсаты бір. Жеңіске жету. Екі ел арасындағы бірлікті нығайту.
Аталған шара Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Береке Дүйсебеков пен ауыл әкімі Байзақ Әменов, ауыл ақсақалдарының сөзімен ашылды.
Жарыс «Сәлемдесу — игі дәстүр киелі», «Дастархан көркі — нанмен», «Өнерлінің өрісі кең» атты тақырыптарда 3 кезең бойынша ұйымдастырылған.