• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 25 қазан, 2018 жыл.

29.10.2018
0

— Шымкент қалалық мәслихатының жаңа хатшысы сайланды.  Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясында ұсынылған кандидатқа халық қалаулылары бірауыздан қолдау білдірді. Сондай-ақ, мәжілісте Мегаполистің «Қала күні» 19 маусым күні ресми түрде тойланатыны бекітілді.

— Шымкент қаласында бос тұрған мектеп директоры лауазымына ашық конкурс өтті. Үміткерлермен әңгімелесу және конкурстық комиссияның жұмысына білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан және комиссия мүшелері қатысты.

— Қазпоштаның қызметтері енді электронды түрде де көрсетіледі. Яғни, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары мен роботтардың көмегімен барлық қажетті қызметтерді ала аласыз. Елбасының цифрландыру саясатын жүзеге асырған Қазпошта мекемесінде тек бағыттаушы екі қызметкер ғана жұмыс жасайды . Ал, басқа қызметтердің барлығын Арман және Сәуле атты роботтар атқармақ. Электронды қызметті қолданушылардың алғашқысы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов болды. Қала әкімі интернет арқылы сауда жасауға арналған карточканы, тапсырыс бергеннен кейін небәрі 10 минутта қолына алды. Осы секілді Қазақсатан қалалары арасында жедел хаттар жолдау, коммуналды төлемдер де электронды түрде болмақ. «Север» сауда үйінен ашылған мекеме Қазақстан бойынша 7-ші цифрлы кеңсе саналады. Бұған дейін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында ашылған. Ал, алдағы уақытта Елбасының тапсырмасы бойынша Түркістан қаласында ашылатын болады.

— «Мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне дау айту». Дәл осы тақырып аясында Шымкент қалалық Абай аудандық сотында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары, заңмен қорғалған мүдделерін жүзеге асыруына кедергілер жасалу жайы талқыланды. Сондай-ақ, ҚР «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына кірген өзгерістерге байланысты атқарушы құжаттардың атқарылуы туралы түсіндірулер жүргізілді.

— Биыл 3-рет «Ханбибі оқулары» дәстүрлі түрде өз жалғасын тапты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында Сарыағаш қаласынан түлеп ұшқан Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығы туған жерінде кеңінен насихатталды. Жыр сүйерқауымның басын қосқан додада қаламы қарымды ақынның ізін өкшелеп келе жатқан жас буын бәйгенің бас жүлдесіне таласты.

— Осыдан 18 жыл бұрын Елбасы сыйға тартқан бұхар бұғыларының саны  155-ке жетті. Өткен ғасырларда Сыр бойын мекен еткен жабайы тұяқтылар өкінішке орай 1960 жылдары тұқымы құртылған. Бұл табиғат  байлығын сақтап қалу мақсатында 2001 жылы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты «Бұхар бұғылары» тұқым бағы ашылды. Бүгінде бұғылардың санын арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

— «Ұлы орыс циркі» Шымкент қаласының төрінде. Ресей Федерациясының Халық әртісі Мстислав Запашный қала тұрғындарына цирк өнеріндегі үздік  бағдарламаларын ұсынатын болады. Мегаполиске алғаш келген белгілі аң үйретушіні 50-ге жуық әртістерімен, 40-қа жуық жануарларымен «Оңтүстік-цирк» мекемесі құшақ жая қарсы алды.

— Ескерту – түзетуден оңай. Дәл осы атаудағы ұлттық бағдарлама аясында атынан ат үркитін дерт туралы дөңгелек үстел өтті. Онда қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтаудың мақсаты айтылып, мамандар адамдарды ауырмайтын жолға шақырып отыр.

 

 

 

Previous Post

Македонияда да Мағжанды еске алды

Next Post

Жаңалықтар. 26 қазан, 2018 жыл.

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.