Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Парламент 2020 жылға дейінгі бюджетті бекітті
    Жаңалықтар

    Парламент 2020 жылға дейінгі бюджетті бекітті

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.10.2018218 Views
    Сенат алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджетті бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
    Биылғы түсім 8 трлн теңгеден асқан. Қазынадағы қаражаттың дені жаңадан облыс болып құрылған Түркістан өңірін түрлендіруге жұмсалмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 30 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу көзделіп отыр. Одан бөлек Елбасының биылғы жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға да қомақты қаражат қарастырылыпты. Аталған ақша табысы төмен қызметкерлердің айлық ақысын көбейтуге, әлеуметтік сала мамандарының тұрмыстық әлеуетін арттыруға жұмсалады.
    Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:
    — Түсімдер 8 трлн 772,3 млрд теңгені құрайды, ол бұрын нақтыланған жоспардан 12,6 млрд теңгеге жоғары. Шығыстар да 12,6 млрд теңгеге ұлғая отырып, 9 трлн 655,6 млрд теңгені қамтыды. Бюджет тапшылығы мен мұнайлы емес тапшылық өзгеріссіз қалады.
    Отырыста өзге де салалардың назарсыз қалмайтыны белгілі болды. Мәселен, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін 9,8 млрд теңгені білім беруге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және тұрғын үй салуға бағыттау жоспарланып отыр. Осы тұста әскери қызметкерлерді баспанамен қамтуға ел қазынасынан 9,2 млрд теңге қарастырылған. Қаржы нарығындағы ахуалды Ұлттық банк төрағасы жіпке тізді.
    Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

    — 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында инфляция 3,3 пайыз болды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен төмен. Қыркүйектегі жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда 6,1 пайызға дейін төмендеді. Ұлттық банктің бағалауы бойынша, биылғы жылы инфляция 5-7 пайыз мақсатты дәлізде қалады, ал 2019 жылы ол 4-6 пайызды құратын жаңа төмен мақсаттық дәліздің жоғары шекарасында қалыптасуы керек.

    24.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.