Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 17 қазандағы Финляндияға жасаған ресми сапары кезінде 2020 жылы өтетін президент сайлауға қатысасыз ба деген сұрақ қойылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұл соңғы кезедрі маған өте жиі қойылатын сұрақ. егер мен 2020 жылы кетсем, кішкентай бүлдіршіндеріміздің жақсы өмір сүруін кім қамтамасыз етеді? Ал, егер шынын айтсам, мүмкін сіздер мені бұл тақта аз отырған жоқ деп ойлайтын шығарсыздар. Әр бес жыл сайын мені сайлап отырды, және үлкен басымдықпен», — деді Н.Назарбаев Facebook-тегі «Настоящее время. Азия» ақпараттық бағдарламасының бетінде жарияланған видеода.
Сондай-ақ, ол бұл мәселе бойынша қашан шешім шығаратынын да айтты.
«Және маған, тәуелсіз елдің бірінші президенті, бүгінгі Қазақстанның іргесін қалаушы ретінде өз кандидатурамды ұсынуға конституциялық құқық берілген. Мүмкін келесі жылы мен осындай шешім қабылдайтын шығармын. Мүмкін 2020 жылы. Міне сол кезде сіздер білетін боласыздар», — деп атап өтті Н. Назарбаев.
Еске салсақ, 17 қазанда Н.Назарбаев Финляндияға ресми сапарымен барып, ел президенті Сауль Ниинистемен кездесті.
Н. Назарбаев 1989 жылдың 22 маусымында Қазақ КСРО Компариясының орталық комитетімен бірінші хатшы болып тағайындалған. 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСРО Жоғары кеңесі Қазақ КСРО президенті қызметін бекітті. Н.Назарбаевты Республиканың жоғары кеңесінің сессиясында Қазақстан тарихындағы бірінші президент етіп тағайындады.
ҚазТАГ.