Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Депутаттар тағы бір министрлік құруды ұсынды: ол немен айналысады?
    Бас ақпарат

    Депутаттар тағы бір министрлік құруды ұсынды: ол немен айналысады?

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.10.2018281 Views
    Сенаторлар балық шаруашылығына жауапты мемлекеттік орган құру мәселесін қарастыруды сұрады
    Сенаторлар үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында балық шаруашылығына жауапты дербес мемлекеттік орган құруды ұсынды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

    Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов ел экономикасы мен адамдардың тұрмыс сапасын арттырып, бизнестің тұрақты көзі болатын саланың бірі балық шаруашылығы екенін атап өтті.

    Сенаторлардың ұсыныстары қандай?

    Балық шаруашылығын дамыту, балықтың түрлерін сақтап көбейту және балық қорын ұтымды пайдалануды тиімді іске асыру үшін арнайы салалық бағдарлама қабылдау;Балық шаруашылығына жауапты дербес орталық мемлекеттік орган құруын қарастыру;.Балық шаруашылығына қатысты нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; Трансшекаралық өзендердегі Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін ақы мөлшері мен төлеу тәртібін тең бәсекелестікті қалыптастыру тұрғысынан қарастыру;Балық өңдеуші кәсіпорындарға, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру;Өңделмеген балықтың экспортқа шығарылуын қысқарту шараларын алу;Жайық-Каспий бассейнінен Қиғаш өзенін «Қиғаш-Каспий» бассейні қылып өз алдына бөлу;.»Күтім» балығын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен шығару;Шағын көлемді кеме қозғалтқыштарының қуаттылығының мөлшерін белгілеу;.Көкарал су топсасының бұзылуының алдын алу және балық қорын сақтау мақсатында кешенді іс-шараларды қабылдау.

    «Кеңес Одағы тұсында республикада арнайы балық шаруашылығы министрлігі құрылып, жүйелі мемлекеттік саясат қалыптасқан болатын. Осының нәтижесінде барлық облыста балық зауыттары мен комбинаттары, өндірістік бірлестіктері жұмыс істеді. Балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі кей жылдары 111 мың тоннадан асты. Бірақ, қазіргі уақытта балық шаруашылығының мүмкіндігі толық пайдаланылмауда», — деді депутат сенат отырысында.Ол 90-шы жылдардан бастап экономиканың жетекші саласы болған балық шаруашылығына жете көңіл бөлінбеуінен ол құлдырауға ұшырағанын, әлі де осы жағдайдан шыға алмай жатқанын айтты. «Балық аулау көлемі күрт төмендеген. Бұның негізгі себебі балық дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты белгілейтін бағдарламаның болмауы деп есептейміз», — деді сенатор.Еңсегенов балық шаруашылығын мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруда тұрақтылық жоқ екенін мәлімдеді. «Осы салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде 2003 жылы құрылған балық шаруашылығы комитеті бірнеше рет бір министрліктен екінші министрлікке ауыстырылды. Қайта-қайта құрылымдық өзгерістерге ұшырады, соңында мүлдем таратылып жіберілді», — деп толықтырды ол.Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, осының салдарынан тәжірибелі, білімді мамандар корпусы жоғалды. Балық саласы қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрамына бір басқарма есебінде кірістірілген. «Онда бес-алты маман ғана жұмыс істейді. Осы салаға керек мамандарды дайындайтын мамандандырылған арнаулы оқу орындары жабылып қалды. Осының себебінен өзіндік ерекшелігі көп балық саласына қажет мамандар жетіспейді», — деп қапаланды депутат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.