Соңғы екі жылда 18 жасқа толмаған азаматтар арасында 3000-ға жуық ерте неке құру фактісі тіркелген. Бұл ҚР Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерін алаңдатуда. Өйткені сатистикалық мәлімет еліміздегі некенің үштен бірі сәтсіз болатындығын көрсетіп отыр. Сондай-ақ бұл мәселенің астарында жан мен тән саулығы да көрініс табады. Ерте некенің салдарынан туындаған проблемалардың шешімін табу мақсатында Мегаполисте «Зорлық-зомбылық, ерте неке және қыздардың құқықтарын қорғау» атты конференция өтті.
ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...










