Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ауыл шаруашылық несиелерінің 450 млрд. теңгегелік портфелін «Цеснабанктан» Ұлттық Банкі мен Министрлер Кабинеті сатып алмақшы
    Жаңалықтар

    Ауыл шаруашылық несиелерінің 450 млрд. теңгегелік портфелін «Цеснабанктан» Ұлттық Банкі мен Министрлер Кабинеті сатып алмақшы

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.2018233 Views
    OLYMPUS DIGITAL CAMERA

    Астана. 14 қыркүйек. ҚазТАГ — ҚР Ұлттық банкі (ҚҰБ) мен үкімет «Цеснабанк» АҚ-дан 450 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы несиелері портфелін сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады.

    Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде.

    Бұл — стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив. Біздің мақсатымыз — алдағы 5 жылдың ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнімдер экспортын 2,5 есеге ұлғайту.

    Бұл орайда біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыру мен өнім өткізу рыноктарының қолжетімді болуына және экспортты дамытуға жұмыс істеудеміз.

    Сонымен бірге әлемдік рыноктағы ахуал тұрақсыз, жылдам өзгеруде. Валюталық несие түрінде жүктемесі бар аграрлық сала сыртқы себептердің ауыртпалығы жағдайында дамуда.

    Сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдаудың қосымша іс-шаралар пакетін дайындады.

    Басты мақсат — саланың серпінді өсуіне қажетті жағдай жасау, жаңғыртудың қарқынын төмендетпеу, күрмеуі күрделі мәселелерді шешу.

    Іс-шаралардың ішінде АӨК кәсіпорындарына түсетін борыштық жүктемелерді азайтуға және олардың борыштық ауыртпалықтарын азайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

    Іске асыру тетіктері — ҚазАгро Холдингінің талаптарын қайта құрылымдау және долларсыздандыру, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа құралдарын пайдалану.

    Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардың, оның ішінде АӨК дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердің жұмысына серпін беретін бірқатар қаржылық тетіктер бар.

    «Цеснабанк» «Агробизнес 2020» бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оның үлесіне саланы несиелендірудің 65% астамы тиесілі.

    Сол себептен, «Цеснабанк» «ҚазАгро» Холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардың мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды.

    Бұл жұмыстар аясында Үкімет пен Ұлттық Банк «Цеснабанктен» 450 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда.

    Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ «Цеснабанктің» қаржылық тұрақталығын нығайтады. «Цеснабанктің» акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады.

    Бұл шараларды іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғайды, несиелендірудің көлемін арттырады және аграрлық секторды жаңғырту саясатына қолдау жасайды.

    Сурет: ашық дерек көздерінен

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.