«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен фракцияның кезекті отырысында Бес әлеуметтік бастамасы туралы мәселе қаралды.
Бес әлеуметтік бастаманың Түркістан облысында іске асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының лауазымына облыстық мәслихаттың депутаты Лесбек Тәшімовтың кандидатурасы ұсынылды. Бірақ та Лесбек Тәшімов денсаулығына байланысты аталған Қоғамдық Кеңес төрағасының сайлауына түсуден бас тартты.
Осыған байланысты Бес әлеуметтік бастаманың Түркістан облысында іске асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасының лауазымына облыстық мәслихаттың депутаты Нұралы Әбіштің кандидатурасы ұсынылды. Аталған ұсынысты отырыста Қоғамдық Кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.
Отырыстың шешімімен Нұралы Әбіш Бес әлеуметтік бастамасының Түркістан облысында іске асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы болып сайланды.
Жаңадан тағайындалған Қоғамдық Кеңестің төрағасы «Айғақ» телеарнасына берген сұхбатында қолданыстағы Заңдылықтарға сәйкес Қоғамдық Кеңестің жұмысына басшылық жасайтынын және шешім қабылдау барысында Қоғамдық Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын, пікірлерін негізге алатындығын айтты.
Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ