• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 28 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

01.09.2018
0

  1 қыркүйек — Білім күні қарсаңында Түркістан облысында 28 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, оқушыларды білім нәрімен сусындатуға кірісіп кетті. Шәкірттері жаңа мектеп ғимаратына кірген білім ордаларының бірқатары Ордабасы ауданында орналасқан. 2018-2019 жылғы жаңа оқу жылында аталған ауданда 3 мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне берілді. Солардың бірі 35 мыңнан астам тұрғыны бар Шұбарсу ауылынан ашылды. 600 орындық жаңа ғимаратқа қоныс аудару салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып, таяу жылдары ауданда үш ауысымда білім беру мәселесі толықтай шешілетінін жеткізді.

sequence-01-still005

«Бүгін біз Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекеніндегі үш ауысымда білім беріп келген «Достық» мектебінің жаңа оқу ғимаратына қоныстануының куәсі болып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісіп отырмыз. Үш ауысымда білім беретін аудандағы қалған екі мектептің мәселесін шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп, аудан орталығындағы Амангелді атындағы және «Темірлан» мектептерінің әр қайсысына 600 орындық жаңа мектеп салу жұмыстар жүргізілуде. Демек, Ордабасы ауданы бойынша үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілетін болады», — деді әкім.

sequence-01-still001

Жалпы, еліміз Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде Ордабасы ауданы бойынша 28 жаңа мектеп ғимараты салынып пайдалануға берілсе, оның 5-уі осы Шұбарсу елді мекенінде екен. Келесі жылы, осы Шұбарсу елдімекенінде тағы бір мектептің құрлысын салу үшін тиісті құжаттар дайындалып жатыр. «Достық» мектебі құрылысының конкурстық құны 831745 мың теңгені құраған. Оған ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Бір жылда салынып біткен ғимараттың жалпы алаңы – 6949,6 шаршы метр. Мұнда 1180 оқушы оқиды. Оларға 120 ұстаз білім береді. Үш қабатты мектепте 24 оқу кабинеті, химия, физика, биология зертханалары, мультимедиялы-лингофонды және компьютер сыныптары бар. Сонымен қатар, кітапхана мен оқу залымен қамтылған. Енді, биыл оқушылардың игілігіне тапсырылған 28 мектептің санын жіктесек. Ордабасыдағы Шұбарсудан бөлек, жаңа оқу жылында Береке елді мекені мен Теспе ауылдарында 200 орындық мектептердің құрылысы бітті. Сонымен бірге, Бәйдібектегі Сарқырама, Түйетас, Бәйдібек ата және Тұрақты елді мекендерінде 150 орындық білім ошақтары пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратқа қарық болған аудандардың ішінде Сарыағаш (7 мектеп) пен Мақтаарал (4 мектеп) аудандары да бар. Ал, Төлеби мен Сайрам аудандарында және Арыс пен Түркістан қалаларында 300 және 600 орындық 2 мектептен пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қазығұрт пен Жетісай аудандарына бір-бір жаңа мектептен бұйырды.

sequence-01-still003

sequence-01-still002

   Түркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1289 білім беру мекемесінде гидравликалық сығымдау жұмыстары аяқталды. Қатты отынды (көмір) пайдаланатын 849 білім беру мекемесіне қажетті 131863,5 тонна отын толығымен тасымалданды. Оның ішінде мектепке 109181,4 тонна, балабақшаға 13391,0 тонна қатты отын жеткізілген. 78 білім беру мекемесіне қажетті 3 379,7 млн. литр сұйық отын да тасымалданған. 2018 жылы 1076 білім беру нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 523,5 млн. теңге бөлінді.

 sequence-01-still008

sequence-01-still007

Бүгінде барлық нысандарда жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ биыл 47 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінген. Осы 47 нысанның 4-уі Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының теңгеріміне өтті. Ал, Түркістан облысында қалған 43 нысанның 39-да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 2-уі 2019 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстарының мерзімі кешіккен екі білім ұясы таяуда тапсырылмақ.

sequence-01-still011

Түркістан облысында мектептері жоқ елді мекендерде және білім ұялары шалғайда орналасқан 11623 оқушы 237 автокөлікпен тасымалданады. Бұл мәселе толық шешімін тапқан. 664 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен 405 145 оқушы қамтамасыз етіледі, ал, тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 22777. Облыста биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 138 млн. 883 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Өңірде қажетті оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,9 млрд. теңге бөлініп, оқулықтарды тасымалдау 100 пайызға орындалды.

Previous Post

«Сыңғырла күміс қоңырау!»

Next Post

Төлеби ауданында 4 бірдей білім беру ошағының қосалқы ғимараттары ашылды

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.