Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда облысында озық технология сор басқан жерді жасыл желекке бөледі
    Жаңалықтар

    Қызылорда облысында озық технология сор басқан жерді жасыл желекке бөледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.08.2018227 Views

    Құм ортасындағы алма бағы. Жалағаш ауданындағы шаруашылықтың бірі қолданған «жасыл» технология сортаңданған жерді де жайқалған жасыл желекке айналдыруға болатынын дәлелдеді.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жүзеге асқан жобаның ерекшелігі мен нәтижесі.

    Күн сәулесі және жел массаларын электр энергиясына айналдыратын қос құрылғы айтулы жобаның негізгі бөлігі. Шаруашылықта барлығы 9 «жасыл» технология топтастырылған. Негізгі мақсат – сортаңданған жерді ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану.

    Жобаның нәтижесінде шамамен 8 гектар жер қалпына келтірілді. Оның 3 гектарына алма бағы, ал қалған бөлігіне көкөніс дақылдары егілді.

    Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

    — Баламалы энергияны тереңдігі 330 метрлік ұңғымадан су шығару үшін де пайдаланады. Тіршілік нәрі мына 90 текше метрлік бассейінге жиналады. Оны арнайы құрылғымен тазартқаннан кейін шаруашылықтың игілігіне жаратады. Яғни егін суарып, малға су беріп қана қоймай, ауыз су қажеттілігін де өтеп отыр. Егін алқаптары түгелдей тамшылатып суарылады. Ең бастысы көкөністің шығымы жақсы. Ал алманың «жартылай ергежейлі» тұқымы келесі жылдан бастап жемісін береді.

    Сәкен Шағыртаев, шаруа қожалықтың төрағасы:

    — Польша елінен әкелінген алма талы. Негізі шығымдылығы гектарына 3 тонна. Күн және жел энергиясынан бұл жерге алынатын 40 КВт энергия алынады. Күн аз түскен жағдайда дизельді генератор бар қосымша, сол арқылы тоқ беріп тұрады. Мамандар ауылшаруашылығы бизнесін осындай оазистік суару сынды жаңа технологиялар негізінде дамыту арқылы су және энергияға жұмсалатын шығындарды 29 миллион теңгеге дейін үнемдеуге болатынын айтады. Одан бөлек ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін жылына 300 тоннаға дейін азайтып отыр.

    Дереккөз: 24.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.