Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Боздақтар»Төлебилік жауынгер Перне Қалдаровтың сүйегі Ресейдегі бауырластар зиратына қайта жерленеді
    Боздақтар

    Төлебилік жауынгер Перне Қалдаровтың сүйегі Ресейдегі бауырластар зиратына қайта жерленеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.09.2017454 Views

    Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен  тағы бір оңтүстікқазақстандық жауынгердің дерегі табылды. Ол сұм соғысқа бұрынғы Ленгір ауданы Балдыберек ауылдық округінен шақыртылған.  25-ші тамыз күні Ресей Федерациясы Тверь облысы, Зубцов ауданы, Векшино елді-мекенінен табылған 3 сарбаздың бірінің сүйегі 1920 жылы туылған Перне Қалдаров есімді жауынгерге тиесілі болған. Белгілі болғандай, ол 1940 жылдың 20-шы тамызында соғысқа аттанып, хабар-ошарсыз кеткен. Іздестіру жұмыстары кезінде жерлесіміздің комсомол билеті табылған. Із — түзсіз кеткен боздағымыз туралы алғашқы дерек араға 70 жылдан астам уақыт салып жетіп отыр. Ресейдің «Память» іздестіру қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Кузнецовтан телеарна басшысы Дулат Әбіштің атына келіп жеткен жеделхат негізінде іздеу жұмыстарын жүргізген түсірілім топ жат жерде қалған жауынгердің ауылы Көксәйек ауылдық округіне қарасты Қаратөбе ауылы екендігін анықтады. Бүгінде бұл ауылда марқұмның туған інісінің ұл-қыздары ғұмыр кешеді екен. Інісі Өсер Қалдаров 2007 ші жылы дүние салыпты.  Жауынгер дүниеге келген қара шаңырақты ауыл тұрғындары апарып көрсетті.

    Туған жерді жау қолынан азат етемін деп жер жастанған 3-бірдей жауынгер сүйегінің бір жерден табылуы олардың аты-жөнін анықтауға қиындық туғызуда. Сол себепті, шетелдегі іздестіру тобы жер астынан табылған боздақтарды 2018 жылдың тамыз айында Зубцов ауданындағы бауырластар зиратына қайта жерлемек. Ал, Төлебилік жауынгер Перне Қалдаровқа тиесілі комсомол билеті марқұмның туған-туыстарына табысталатын болады.

    kaldarov-perne3-311111

    «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.