Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Боздақтар»Ресей жерінде табылған оңтүстікқазақстандық жауынгердің сүйегі қайта жер қойнына тапсырылды
    Боздақтар

    Ресей жерінде табылған оңтүстікқазақстандық жауынгердің сүйегі қайта жер қойнына тапсырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.05.2017297 Views

    Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласына аттанып ортақ отанымызды қорғау жолында опат болған жерлесіміз Пірәлі Ахмамбековтің сүйегі бүгін таңертең Мәскеу қаласынан туған жерге  жеткізілді.  Яғни соғыста шейіт болған майдангеріміздің сүйегін елге алып қайту мақсатында 1 мамыр күні Ресей Федерациясының Курск облысы Поныри ауданына аттанған Оңтүстік Қазақстандық делегаттар бүгін таңертеңі 6 лар шамасында «Скат» әуе компаниясының рейсімен Шымкент қаласына келіп жетті.  Айта кету керек осы бір маңызды іске ұйытқы болып жауынгеріміздің сүйегін елге жеткізу бастамасына «Айғақ» медиа басшысы, облыстық мәслихат депутаты  Дулат Әбіш жетекшілік жасаған болатын. Сонымен бірге жерлесіміздің сүйегін елге әкелуге  Сайрам ауданындағы Шапырашты ауылында ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагер ұстаз Мұхтар Ұзақов пен  аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және арнамыздың түсірілім тобы да барып қайтты. Осылайша Ұлы жеңістің 72 жылдық мерекесі қарсаңында маңызы зор шараны жүзеге асырған топ таңертең Шымкент қаласына келіп жетті. Ал оларды арнайы қарсы алған  ішкі саясат басқармасының мамандары мен ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери құрамы туған жерге жеткізілген майдангер сүйегін әскери тәртіппен әуежай аймағынан алып шықты.  Осылайша ҰОС – да хабар ошарсыз кеткен майдангеріміз Сайрам ауданы Шапырашты ауылының тумасы Пірәлі Ахмамбековтің сүйегі туған жерге жерленетін болады.

    Ұзақ жылдар бойы жат жерде белгісіз қалған қазақ жауынгерінің сүйегі қайта жерленбес бұрын, мұсылмандық парыз бойынша, мешітте құран оқылып, дұға жасалынды. Мұнан кейінгі шара Даңқт мемориалында жалғасты. Қаралы митингіде Сайрамның тумасы, сұм соғыста ерлік көрсеткен Пірәлі Ахмамбековты Оңтүстік жұртшылығы бір минут үнсіздікпен еске алып, батырға деген құрметін көрсетті.

    Ұлдархан Уәлиханқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.