Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Өңір басшысы жерлестеріміз — Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрахқа жылы лебізін тілек хаты арқылы жолдады
    Жаңалықтар

    Өңір басшысы жерлестеріміз — Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрахқа жылы лебізін тілек хаты арқылы жолдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.08.2016310 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Рио-де-Жанейродағы XХXI жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, ел мерейін асқақтатқан спортшыларды жүлделі медальдарымен құттықтайды.

    Өңір басшысы жерлестеріміз — Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрахқа жылы лебізін тілек хаты арқылы жолдады.

    «Құрметті Галбадрах Отгонцэцэг! Қазақстандықтар сіздің өнеріңізді зор қызығушылықпен тамашалады.
    Жоғары спорттық шеберлігіңізбен асқан ерік-жігеріңіз сізге қиын күресте әлемдік деңгейдегі мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасы қоржынына қола медальді алып беруге көмектесті.
    Сіздің Олимпиада ойындарында қола медаль алуыңыз елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық.
    Алдағы уақытта Олимпиада ойындары мен әлемдік деңгейдегі жарыстарда еліміздің атын шығарып, көк туымызды желбірете беруіңізге шын жүректен тілектеспін!», — делінген жылы лебізді құттықтауда. 13925359_1032080666908272_2052055116490429526_n

    Сонымен бірге, облыс әкімі Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлға да ыстық сәлемін жолдады.

    «Құрметті Жазира Жаппарқұл! Сіздің Рио төрінде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
    Сіздің айқын жеңісіңіз Қазақстанның даңқын әлемге паш етті және отандық ауыр атлетиканың жоғары деңгейде екенін тағы көрсетті.
    Даңқты қарсыластармен сайыста жеңіп алған күміс медаль сіздің жоғары шеберлігіңіздің, қазақ қызына тән қайсарлығыңыздың көрсеткіші.
    Алдағы уақытта Олимпиада ойындары мен әлемдік деңгейдегі жарыстарда еліміздің атын шығарып, көк туымызды желбірете беруіңізге шын жүректен тілектеспін!, — делінген тілек хатта.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.