Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен кездесуінде Қазақстан үшін құнды жәдігерлерді қайтару мәселесін көтерді
    Жаңалықтар

    Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен кездесуінде Қазақстан үшін құнды жәдігерлерді қайтару мәселесін көтерді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.08.2016169 Views

    Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР үкіметінің ерсми сайты.

    Хабарда атап кқөрсетілгендей, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзі уәде еткендей, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың мүрделерін елге қайтару туралы мәселені көтерді.

    Дмитрий Медведев бұл мәселені анықтап, шешу үшін қажетті тапсырмалар беретінін айтты.

    «Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын», — деп жауап берді Д.Медведев К.Мәсімовтің ұлт көсемдерінің мүрделерін көму үшін Қазақстанға қайтару туралы өтінішіне. Бұдан бұрын Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен аталмыш жәдігерді қайтару туралы мәселені талқылайтыны туралы өзінің Твиттерінде жазған еді.

    Қазақстан үшін аса құнды жәдігерді кеңес дәуірінен бері қайтаруға бірнеше мәрте ұмтылыс жасалды. Соңғы кездері бұл тақырып, әсіресе, әлеуметтік желілерде жиі көтеріле бастады. Мәселен, қазақстандық Нұрлан Әміреқұлов Facebook әлеуметтік желісінде осы тақырыптағы постын жариялады.

    Ресейлік әріптесімен кездесу кезінде Кәрім Мәсімов Астанада өтетін XIII Аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты мәселелерді де талқылады. Атап айтқанда, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тәрізді ірі көлік жобаларын жүзеге асыру барысы сөз болды. Жайық трансшекаралық өзеніне қатысты тақырыпқа баса назар аударылды. Премьер-Министр бұл мәселе бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюды ұсынды.

    Сонымен қатар логистика, шекара маңы ынтымақтастығы және нақты экономика саласындағы басқа да маңызды мәселелер бойынша өзекті тақырыптар талқыға салынды. Дмитрий Медведев көршілес мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынасы тұрақты әрі жоғары деңгейде екенін атап өтті.

    Дереккөз: ҚазТАГ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.