Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Күш атасы Қажымұқанның туғанына 145 жыл
    Жаңалықтар

    Күш атасы Қажымұқанның туғанына 145 жыл

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.04.2016Updated:07.04.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл күш алыбы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына — 145 жыл. Осыған орай, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионының мерейтойы Ордабасы ауданында кең көлемде атап өтілді. Күні кеше ауданға жаңадан әкім болып тағайындалған Алмасбек Мамытбеков пен Облыстың бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Мұхамбетжан бастаған  қадірменді қонақтар мерейтойға байланысты жауырыны жер иіскемеген күрескердің жерленген жеріне келіп,  рухына тағзым жасады. Сондай-ақ, осы күні облыстық Қажымұхан атындағы спорт мұражайында батыр ұлды еске алу шара өтті. алды

    05

    Қажымұқан Мұңайтпасовтың палуандығы бүкіл алаш жұртына белгілі. 1871 жылдың 7 сәуір күні Ақмола облысында дүниеге келген Қажымұқан бабамыз көзі тірісінде дүние жүзінің 28 елін аралап, классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанды.  Ең алғаш 1906 жылы Алмания қаласында дүниежүзінде өзінің теңдессіз екенін дәлелдеген отандасымыз жалпы 50-ден астам медальды жеңіп алыпты. Өмірінің соңғы жылдарын Қажымұқан Мұңайтпасов Ордабасы ауданында өткізген. Қазір бұл Қажымұқан есімімен аталады.

    03

    Қажымұқан Мұңайтпасов жерленген кесененің жанында жары  Мүнәйім де жатыр. Бұл  кесене осындан бір жыл бұрын өңірдің кәсіпкерлерінің демеушілігінің арқасында  қайта жөнделіп, жаңа кейіпке енді. Күш атасы жерленген  орыннан жүздеген метр қашықтықта  оның бұрын өзі тұрған үйі бар. Қазір бұл шаңырақта оның немерелері мен шөберелері тұрады. Айта кетейік, кұш атасының ұрпағы бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрып, баба есімін ардақтап жүр.

    Ерлан Отарбаев

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.