Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті
    Жаңалықтар

    Шымкент қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.03.2016415 Views

    Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер қаралды. Сессия жұмысына қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы, әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері  қатысты. Алдымен Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Марс Елекеев жаңарған мәслихаттың депутаттарына төсбелгі тапсырды. Одан кейін депутаттар бірінші сессияның төрағасын сайлады. Көпшіліктің қолдауымен бұл міндетті атқаруға Еркін Сатқанбаев лайық деп танылды. Әрі қарай күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – жаңадан жасақталған мәслихаттың хатшысын сайлау, тұрақты комиссиялар құрып, олардың төрағалары мен мүшелерін сайлау еді.  Алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың хатшылығына ұсынылған Нұрлан Бекназаровтың кандидатурасы да бірауыздан қолдау тапты. Нұрлан Құдиярұлы  өткен шақырылымда бұл қызметті абыроймен атқарған. Өз кезегінде мәслихат хатшысы тұрақты комиссиялардың кеңейгенін, жұмыс ауқымының артқанын айта келе, сенімді ақтауға барын салатынын жеткізді.

    SONY DSC

    Сессия барысында мәслихаттың тұрақты комиссиялары да құрылды. Қаланың әлеуметтік-даму мәселелерін шешуде жұмыс істейтін бес комиссия: бюджет және басқару, экономикалық даму мәселелері, әлеуметтік саланы дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару, заңдылықты сақтау және депутаттық этика, әкімшілік-аумақтық мәселелер комиссиялары. Олардың төрағалары да белгілі. Сондай-ақ, 28 депутаттың бәрі де тұрақты комиссиялардың мүшелігіне сайланды. Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша депутаттарды жеңісімен құттықтады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.