Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мұқадас Нақыпбеков — Бәйдібек аудандық мәслихатының жаңа хатшысы
    Жаңалықтар

    Мұқадас Нақыпбеков — Бәйдібек аудандық мәслихатының жаңа хатшысы

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.03.20161 133 Views

    Жуырда өткен саяси додада Бәйдібек ауданына қарасты 13 ауылдық округ бойынша халықтың сеніміне ие болып аудандық мәслихат депутаты атанған халық қалаулылары бүгін алғашқы сессияда бас қосты. Ал бұл күнгі күн тәртібіндегі басты мәселе ол аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау болатын. Сондай-ақ, мәслихаттың тұрақты комисияларының төрағалары мен мүшелерін сайлап алу да нақ осы сессия отырысының күн тәртібінен орын алған. Осы ретте аудан әкімінің  қатысуымен өткен  алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясына депутат Бағдат Қалаубай төрағалық етсе,  күн тәртібі бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Қырықбаев өткен сайлаудың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Айтуынша, 13 округ бойынша сайлауға жалпы саны 41 үміткер ұсынылса, оның 39-ы тіркеліп саяси науқанға қатысып бақ сынаған. Нәтижесінде, әрбір сайлау округінен ел сеніміне ие болған 13 азамат аудандық мәслихат депутаты атанып отыр.  Өткен сайлаудың барысы баяндалған сессия отырысындағы негізгі мәселенің бірі аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау болатын. Бұл ретте мәслихат хатшылығына бұл жолы депутат Мұқадас Нақыпбековтың кандидатурасы ұсынылды. Ұзақ жылдар бойына ұстаздық салада еңбек етіп, қызметтің түрлі сатыларынан өткен Мұқадас Әуенұлы 2002 жылдан бері Бәйдібек аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген. Ал жуырда өткен  сайлауда  ол №10 Жамбыл округі бойынша сайлаушылардың басым дауысына ие болып халық қалаулысы атанған.  Аудандық мәслихаттың хатшылығына ұсынылған үміткер Мұқадас Нақыпбековтың  кандидатурасы  бұл ретте депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Осылайша Мұқадас Әуенұлы Бәйдібек аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.Sequence 01.Still001Сонымен қатар, бұл күнгі сессия отырысында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының да жаңа құрамы бекітіліп олардың мүшелері мен  төрағалары сайланды. Сонымен бюджет, экономика және әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып бірауыздан депутат Бағдат Қалаубай сайланса, Заңдылықтарды қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы болып №9 Ақбастау округінен депутат атанған Бақыт Омарбеков сайланды. Ал, өз кезегінде аудан әкімі Батырбек Көшербай жаңадан жасақталған мәслихаттың алдағы жұмысына сәттілік тілеп, бұған дейінгі 5  шақырылымда мәслихат хатшысы қызметін атқарған депутат  Салқынбек Сыпабековке өз алғысын білдіріп өтті. Ал мұнан соң сессия отырысының күн тәртібіне сәйкес мәслихаттың жаңа хатшысы мен аудан әкімі Батырбек Көшербай  халық қалаулыларына салтанатты түрде депутаттық куәліктерді табыс етті.  Олардың арасында  аудандық мәслихаттың 6-шақырылымында №8 Бөген сайлау округінен басым дауысқа ие болып халық қалаулысы атанған «Мырзахмет ата» ӨК-нің төрағасы Айдар Байысбеков те бар.Sequence 01.Still002Алғашқы сессияда депутаттық куәліктеріне ие болған халық қалаулыларымен бірге аудан әкімі бұл күні жаңадан сайланған мәслихат хатшысы Мұқадас Нақыпбековты жаңа қызметтегі жұмыс кеңсесіне жайғастырып, іскер азаматтың алдағы жұмысына  сәттілік тіледі. Бұл ретте аудандық мәслихат депутаттары да Мұқадас Әуенұлына өз құттықтауларын білдіріп жатты.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.