Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»LTE стандарты мобильдік байланысының сынамалық аймағы іске қосылды
    Жаңалықтар

    LTE стандарты мобильдік байланысының сынамалық аймағы іске қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.03.2016208 Views

    Ағымдағы жылдың 29-ақпанынан бастап кіріс көлемі мен абоненттік базасы бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында көшбасшы оператор «Кселл» компаниясы Шымкентте LTE стандартының мобильдік байланысының сынамалық аймақтарын іске қосу туралы хабарлайды. LTE  сынамалық аймағы орналасқан «MEGA Шымкент» сауда орталығындағы жаңа технологиялар бойынша кез-келген абонент шопинг-моллдарда орналасқан  Kcell Store-де кеңестер ала алады. Төртінші буын стандартына сәйкес келетін LTE сымсыз байланыс технологиясын жаһандық деңгейде әзірлеудегі мақсаты – мәліметтерді тарату жылдамдығын арттыру. Жыл санап интернетте контент ауырлай түсуде – бейне мен аудио сапасын жақсартуда, жаңа буын сервистері пайда болуда, мысалы, мобильдік телевизия, стринингтік музыка. Жоғары қосылу жылдамдығы ауыр контентті жылдам жүктеу үшін және жүктелген файлдарды сапалы қарау және тыңдау үшін қажет.

    • Біз үшін бұл ерекше күн. Өздеріңіз білетіндей, біздің компания мобильдік оператордан өз клиенттеріне өмір, жұмыс және ойын сауық үшін кешенді шешімдерді ұсына алатын әмбебап қызметтерді жеткізушіге ауысу процесінде.

    Желі сапасы көңіл бөле отырып, өз желімізді ары қарай жетілдіруді жалғастырып келеміз. Бүгін біз келесі қадамды жасадық және осында, «MEGA Шымкент» орталығында  LTE коммерциялық желісінің сынамалық нүктелерін іске қосып отырмыз. Бұл біздің LTE, «сынамалық» аймағымыздың бірінші іске қосылуы, мұнда клиенттер жаңа технологияны байқап, сынап көре алады және біздің тәжірибелі кеңесшілерімізден оны қалай пайдалануға болатыны туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ала алады. Біз желіні ауқымды іске қосуды неғұрлым жоғары сапада жасау үшін, өз клиенттерімізден қолайлы болу үшін, барлық қалаған адамдардың бұл технология туралы және оны қолдайтын смартфондар туралы кез-келген ақпаратты ала алулары үшін жасадық, — дейді Кселл компаниясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Жанат Жантурин тілшілерге берген сұхбатында.

    LTE режимінде компанияның абоненттері бұрын  қосылған  интернет-қызметтер мен тарифтік жоспарларды пайдалана отырып, кез-келген Интернет ресурстарға қосыла алады. Осылайша, мобильдік интернет үшін тарифтеу абонент үшін стандартты режимінде жүргізілетін болады. Компанияның барлық соңғы тарифтік жоспарлары қандай желі болмасын LTE немесе 3G арқылы жүктелгеніне тәуелсіз, мәліметтерді тартудың үлкен көлемін пайдалануға бейімделген. «Алға» және «Алло, Қазақстан» секілді белгілі тарифтік желілер қосылған интернет-трафиктің үлкен көлеміне ие. LTE қосылу үшін компания өз абоненттеріне бұл технологияны өздерінің SIM-карталарымен қолдайтындығын тексеруге кеңес береді. Ол үшін  USSD *256# командасын теру керек. Жауап хабарламада абоненттің SIM-картасының аталған технологияны қолдай ма, жоқ па, сол туралы ақпарат келеді. Егер SIM-карта LTE қолдайтын болса, онда абонентке Kcell Center немесе Kcell Store келіп, оны ауыстыру керек. Ауыстыру құны 200 теңге тұрады.

    Қазақстандағы iPhon смартфондарының ресми дистрибьюторы ретінде «Кселл» компаниясы Apple корпорациясынан барлық қажетті сертификаттауды алу процесінде. Бұл осы самартфондарды компанияның абоненттерімен LTE ауқымды іске қосуда еркін және қолайлы пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Наурыз айының соңына дейін «Кселл»Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Петропавловск және Семей секілді 12 қалаларында 40-тан астам сауда-ойын сауық орталықтарында, бизнес-орталықтарында және танымал фитнес-орталықтарында LTE сынамалық аймақтарын ашуды жоспарлап отыр.

    Ұлжан НАУШАБАЕВА.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.