Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп жатқан 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі айтулы мерекені өзгеше атап өтті. Бүгін, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірханның бастауымен жол патрульдік полициясының 136 қызметкері облыстық қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды.
Мерейлі мереке қарсаңында донерлік қанды қажет ететін пациенттерге көмектескен полиция қызметкерлеріне облыстық қан орталығының ұжымы айрықша алғыс айтты.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...










