Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.03.2016212 Views

    Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!

    Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланды. Елімізде тұңғыш рет аталып өтетін айтулы күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтіні анық.
    Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында тұңғыш рет аталып өтетін мерекенің біз үшін маңызы ерек.
    Бүгінде көгінде көк туы желбіреген егемен елімізде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, туған тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеді. Жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырып, ел болып қалыптастыруда Елбасымыздың еңбегі ерен. Бұны біз мойындауымыз керек.
    Қоғамдағы келісімді ұйыстыру, этномәдени бірлестіктермен байланысты жандандыру бағытында өңірімізде үйлесімді жұмыстар жасалуда. Облыстағы этномәдени бірлестіктердің бастамасымен «Қазақ еліне мың алғыс» монументін тұрғызуда. Бұл үлгілі істі біз барша этностардың Қазақ еліне деген қадір-құрметінің бір белгісі деп білеміз.
    Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет. Бұл тұрғыда ұлтымыздың ұйытқысы атанған қасиетті оңтүстік өңірінің тұрғындары – барлық өзге өңірлерге өнеге болуы тиіс.
    Құрметті жерлестер!
    Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Баршамыздың ортақ үйіміз – Қазақстан жерінде шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, ізгілікті істеріңіз толағай табыс пен ырысқа толғай!
    Оңтүстік Қазақстан
    облысының әкімі Б.Атамқұлов

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.