Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте мәслихат депутаттығына 1358 азамат үміткер
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте мәслихат депутаттығына 1358 азамат үміткер

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.02.2016204 Views

    Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына өңірімізден 1532 азамат үміткер ретінде ұсынылып, оның 1358-і үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Сайлау алдындағы үгіт-наслихат жұмыстарын жүргізу қағидалары» тақыбырында өткен брифингте хабарлады. «Құрамы жағына қарайтын болсақ, «Нұр Отан» партиясынан 312, «Ақ жол» партиясынан 14, «Бірлік» партиясынан 1, «Ауыл» партиясынан 29 үміткер тіркелсе, партияда жоқ азаматтардың ішінен 187, ал партиясын көрсетпеген 815 адам облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде тіркелді», — деді сайлау комиссиясының төрағасы. Еске сала кетсек, 24 ақпаннан бастап саяси партиялардың және жеке үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталған болатын. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қағидалары барлық орталық және жергілікті телеарналар мен басылымдарда көптен бері жарияланып келеді. Қазақтан Республикасының сайлау туралы Конституциялық Заңының 27, 28-бабының талаптарына сай және орталық сайлау комиссиясының бекіткен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бойынша 24 ақпанда басталған үгіт-насихат жұмыстары 18 наурыз күні сағат 24:00-де аяқталады. Ал кандидаттарды сайлау 20 наурыз күні өтеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.