Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» оңтүстікқазақстандық салымшыларына өтемақы төлеуді бастады
    Жаңалықтар

    «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» оңтүстікқазақстандық салымшыларына өтемақы төлеуді бастады

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.02.2016237 Views

     

    Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ОҚО филиал директоры Маликов Қасымбек мәлім етті. Аталмыш банк өз салымшыларынан өтемақы жөніндегі өтініштерді 8 ақпаннан қабылдай бастады. Бүгінде 1300 өтініш келіп түскен. Бұл жұмыстар осы жылдың 1 маусымына дейін жүргізіледі. «Ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды тапсырған болатын. Осы орайда, Үкімет пен банк салымшыларға өтемақы ретінде 60,9 млрд теңге бөліп отыр. Бұл – халыққа көрсетілген үлкен қолдау. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысында банктің 31 мың салымшысы бар», деді Қ.Маликов. Банк төрағасының айтуынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 467 мыңнан аса шарт иелеріне, оның ішінде салымында 1 млн. теңгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейді. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. тенгені құрап отыр. Бұл өтемақылар бюджет қаражаты есебінен және банктің меншікті қаражатынан төленбек. Баспасөз мәслихатына қатысқан ОҚО бойынша «ХҚКО» РМК директорының орынбасары Ж.Меңлібаев салымшылар электронды үкімет порталы (www.egov.kz) және банктің ғаламтордағы көзі (www.hcsbk.kz) арқылы электронды қол қою тәсілімен және жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп өтініштерін беруге болатынын жеткізді. Құрметті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары өтініш беру тәртібі мен басқада мәлімметтерді толығырақ банктің www.hcsbk.kz сайтынан біле аласыздар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.