Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды. Полиция полковнигі Данияр Мейрханұлын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тәртіп сақшыларына арнайы келіп таныстырды. Еліміздегі үшінші қала ірі мегополистің қоғамдық тәртібіне, тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты азамат Данияр Мейрхан бұған дейін Сайрам аудандық Ішкі істер басқармасын басқарған. Құқық қорғау саласында тәжірибесі мол қос бірдей диплом иесі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлы Заң университетінің түлегі.Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы алдағы құқық қорғау саласында атқарылатын жұмыс жоспарларымен де бөлісті. Яғни, тәртіп сақшылары үшін 100 жаңа автокөлік пен қаладағы маңызды 50 көшеге бейнекамералар қойылатынын сала мамандарына жеткізді. Осылайша Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығына бұл күні жаңа жұмыс орны таныстырылып, Данияр Мейрханұлы өзіне сенім артылған жауапты қызметке кірісті.
2026 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСЕДІ
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақы төлемдерінің мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.Министрліктің мәліметінше,...