Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған үміткерлер тізімі
    Жаңалықтар

    Шымкент қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған үміткерлер тізімі

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.02.2016319 Views

    «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық мәслихатына ұсынылатын азаматтардың есімі белгілі болды. Халық қалаулысына үміткерлердің тізімі партияның Шымкенттегі филиалында өткен кезектен тыс XXVI съезінде жария етілді. Күн тәртібінде сондай-ақ, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, алдағы уақытта облыста өтетін жиынға баратын делегаттардың есімдері бекітілді. Еліміздегі жетекші партияның жуырда өткен республикалық жиынында, яғни съезде «Нұр Отан» сайлауалды бағдарламасын бекіткен болатын. Алдағы 5 жылдықтың жоспарын түзген саяси ұйым, жұмыс жасаған 17 жылында елдің әлеуетін көтеруде бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал 8 бөлімнен тұратын кезекті бағдарлама дағдарысты еңсеруге бағытталған.  «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дегендей бүгінгі заман бірігуді, ауызбіршілікте жұмыс жасауды қажет етеді. Сол себепті бір шаңырақтың түтінін түтеткен азамат ретінде елдің әлеуетін бірге көтеруге атсалысуға шақырды облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш. Халық қалаулысы алдағы саяси науқан Қазақ елінің келешегін айқындайтын кезең деп есептейді. Сондықтан сайлаудың барынша әділ де, шынайы өткізілгені оңды.06Расымен де бірлігі бекем елдің болашағы жарқын, экономикалық ахуалы арта түсетіні мәлім. Бұл тұрғыда әсіресе, еліміздегі жетекші партияға артылар сенім мол. Ал күн тәртібіндегі келесі мәселе, алдағы болатын мәслихат сайлауына «Нұр Отан» партиясы атынан Шымкент қаласы аумағынан ұсынылатын азаматтарды белгілеу. Бұл кезекте партия атынан Шымкент қалалық мәслихатына үміткер ретінде ұсынылатын азаматтардың есімі аталды. Олардың жалпы саны 29 құрайды. Үміткерлердің кандидатурасын жиынға қатысушылар бірауыздан қолдады.0511-ақпан күні «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филилалында өңірлік жиналыс өтпек. Жиын соңында конференцияға баратын делегаттардың тізімі бекітіліп, бірауыздан мақұлданды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.