Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Шымкент мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған конкурс өтуде
    Денсаулық

    Шымкент мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған конкурс өтуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.02.2016290 Views

    Шымкент қалалық білім бөлімі мектептеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушілерді анықтап жатыр. Яғни бүгін әлеуетті өнім берушілерден тиісті құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталып, өтінім берушілерден түскен құжаттарды қарау жұмыстары басталды. Ол үшін арнайы конкурстық комиссия құрылған. Оның құрамында білім бөлімінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы мен  қаладағы 4 ауданның  тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының мамандары да бар. Ал конкурстық коммисияға Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев төрағалық етуде.  Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталды. Осы ретте арнайы құрылған комиисия білім бөліміне қарасты мектеп директорларының басын қосып өтінім берушілерден түскен конкурстық құжаттарды қарау жұмыстарын бастады. Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша биыл 118 білім мекемесінен жалпы саны 8 мың 235 оқушы тегін тамақпен қамтылады деп күтілуде. Ол үшін жергілікті бюджет есебінен 264 млн. 576 мың тенгеден астам  қаржы қаралған. Ал есепті мерзім  ішінде оқушыларды тамақтандыру жұмыстарын жүзеге асыруға ниет білдірген 140 кәсіпкерден жалпы саны 412 құжаттар папкісі келіп түскен. Конкурстың мақсаты  жас ерекшеліктері бойынша тағам заттары мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандыруды көздейді. Сондықтан да комиссия мүшелері биыл өтінім берушілерге тиісті талап та  күшейтіліп отырғандығын айтады.

    Мектеп оқушыларын тамақтандыруды жүзеге асырушыларға қойылатын талаптардың тағы бірі пайдаланылатын азық-түліктер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен және техникалық регламентпен белгіленген нормаларға сәйкес келуі тиіс. Оған қоса жеткізілген азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді. Осы орайда әрбір мектеп бойынша келіп түскен өтінім иелерінің құжаттарын да  конкурстық комиссия   білім мекемелері басшыларының қатысуымен жан жақты қарап шықты. Бұл бойынша да жауапты міндетті жүзеге асыруға ниет білдірушілерге қойылатын міндеттер аз емес. Яғни олардың конкурсқа қатысу туралы өтінімнен бастап қызмет көрсетуге қажетті автокөлігі, аспаздары салық органдарында қарызының жоқтығы, жұмыс тәжірибиесі туралы анықтамаларының болуы да шарт. Міне осындай талаптарға сай келетін құжаттарды ғана комиссия  алдағы үш күн ішінде конкурсқа жіберуге шешім қабылдайды.

    Абай ОМАР

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.