Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ұласбек Сәдібеков — ОҚО әкімінің орынбасары
    Жаңалықтар

    Ұласбек Сәдібеков — ОҚО әкімінің орынбасары

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.02.2016Updated:08.02.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін, яғни 8 ақпан күні ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ОҚО әкімі Б.Атамқұловтың Өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков тағайындалды. Яғни, бүгіннен бастап Ұласбек Сәдібекұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымында әлеуметтік және идеология салаларына жетекшілік ететін болады.

    Ұласбек Сәдібекұлы — 1967 жылы 12 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, «Қайнар» университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын орта мектепті бітіргеннен кейін 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Алғабас ауылында «Алғабас» мал бордақылау бірлестігінде жұмысшы болып бастады. 1986-1987 жылдары Кеңес әскерінің қатарында қызмет етті 1992-1993 жылдары — Ақмола қаласының Жастар істері бойынша қалалық комитетінің төрағасы, 1993-1994 жылдары — Алғабас ауданының ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы 1994-1996 жылдары — Алғабас ауданы жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің бастығы, 1996-1998 жылдары – «Жетіген» ЖШС-нің директоры, 1998-2002 жылдары – Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, 2002-2004 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік – мәдени кешен бөлімінің меңгерушісі, 2004-2005 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, 2005-2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры, 2006-2007 жылдары –Бәйдібек ауданының әкімі,  2007-2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі, 2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ұласбек Сәдібекұлы бұл тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

    «Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының «Құрметті азаматы».

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.