• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚО-да стратегиялық құжатқа сәйкестендірілген бағдарлама әзірленбек

29.01.2016
0

Кеше өңір басшысының төрағалығымен облыс әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Онда облыстың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен облыс бюджетінің игерілу жайы айтылды. Кезекті мәжілісте мінбеге алғаш болып облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев шықты. Өткен жылдың қортындысын баяндаған басқарма басшысы жергілікті бюджет  түсімдерінің 9,3 пайызға артқанын, барлық аудан, қалаларда  кірістер жоспардан асыра орындалғанын мәлімдеп өтті. Баяндаманы толықтай тыңдаған облыс әкімінің тек жалпылама  статистиканы қамтыған есепке көңілі толмады. Өңірдің әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысына толықтай талдау жасай алмаған басқарма басшысына тиісті тапсырмалар да жүктеді. Кәсіпкерлік, туризм, инвестиция тарту облыс әкімінің назар аударған басты бағыттары деуге болады. Өңірде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны 184 мың бірліктен асқан. Жұмыспен қамтылғандардың саны 2,3 пайызға артыпты. Ал, өңірде негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың үлесі бүгінде 61 пайыз. 2014-жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласында инвестиция көлемі айтарлықтай төмендепті. Ең төменгі көрсеткіште Сайрам ауданы 63 пайызбен көш бастап тұр. Оңтүстік  ауылшаруашылыққа бейімделген аймақ. Салада жалпы өнім көлемі 2015 жылдың көрсеткіші бойынша  3,5 пайызға артқан. Оның ішінде мал шаруашылығы 158,7 млрд, егін шаруашылығы 184,8 млрд. теңгені құрап отыр. «Сыбаға» бағдарламасымен өткен жылы өңірде 22 мың 500 ірі қара сатып алынды. Ал тамшылатып суару әдісі бойынша жалпы көлем 44 мың гектарға жетсе, жылыжайлар аумағы қосымша 115 гектарға артты. Алайда жылыжай бойынша  көрсеткіштерге Түлкібас ауданы еш атсалыспаған, ауданда жоспар мүлдем орындалмапты. Облыста атқарылған жұмыстар жетерлік, алайда кейбір салада ілгерушілік байқалмайды. Өңірдің экономикасы мен әлеуеттін арттыру үшін аудан-қалалар тиісті тапсырмаларды, жоспарларды толығымен орындауы тиіс. Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша Елбасымыз, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы өңірімізде іске асыру бойынша нақты және егжей-тегжейлі жоспардың болуы керек екенін айтып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаевқа барлық салалар бойынша жоғарыда аталған стратегиялық құжатқа сәйкестендірілген бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Ал облыстық қаржы басқармасына 2016 жылға арналған бюджетті игеру бойынша арнайы жоспар дайындауды жүктеп, ол қаржының игерілмей қалу көлемдерін азайтуды көздейтін болуы қажеттігін айтты.

Жомарт БЕГІМБЕТОВ

Previous Post

Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алмақ

Next Post

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі өтіп жатыр

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.