Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық ақшасына «жауынікіндей» қарайтын шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі. «Кейде біздің кейбір шенеуніктер мемлекеттік қаржыға жауының ақшасындай қарайды. Қаланы басып алып, ақшасын алып, тез жұмсауға асыққандай», — деді Н.Назарбаев жұма күні «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде. «Жобалар жасамайды, ештеме жасамайды, сосын жыл аяғына қарай игерілмеген қаржылар жиналып қалады, содан келер жылы одан да көбін алу үшін оны оңға, солға шашуды бастайды. Қалай солай істеуге болады? Бұл біздің ел ғой, бұл халықтың ақшасы, азаматтардың, мемлекеттің салығы!», — деп толықтырды ол. Мемлекет басшысы мемлекеттік шығындардың барлық жүйесі қатаң экономика қағидасына негізделетін болатынын айтты.
ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...










