Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Еліміздегі әрбір төртінші жоба ОҚО-да жүзеге асуда
    Жаңалықтар

    Еліміздегі әрбір төртінші жоба ОҚО-да жүзеге асуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.01.2016238 Views

    Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев мәлім етті. «Елбасы Жолдауында жаңа инвестициялық саясаттың негізінде ел экономикасына инвестиция тартып, жыл сайын оның көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Осы бағытта басқарма тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып, бүгінде өз жемісін беруде. Мәселен, өткен жылы өңір кәсіпкерлерімен бірлесе Еуропа мен Азия мемлекеттеріне жұмыс сапарымен барып, ондағы индустриялды аймақтармен таныстық және бірқатар кәсіпорындардың жұмысын аралап көріп, шетел инвесторларын біздің облыста бірлесе жұмыс жасауға шақырдық»,- деді басқарма басшысы. Бүгінгі таңда өңірімізде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 40-тан астам инсвестжоба жүзеге асуда. Атап айтсақ, облыста Ресей, Польша, Түркия, Италия, БАӘ, ҚХР, Корея Республикасы, Германия және алыс-жақын шет елден келген бизнесмендер өз жобаларын іске асырып келеді. Брифингте басқарма тарапынан атқарылған қорытынды жұмыстарын баяндаған Марат Қарабаев ндустрияландыру картасы аясында инвестиция көлемі 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, нәтижесінде 13,8 мың жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2015 жылы 27 жобасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл дегеніміз еліміздегі әрбір төртінші жоба ОҚО-да іске асырылуда. Ал осы жобалардан 75,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 18 пайызын құрайды. Сонымен қатар, облыста «БЖК 2020» бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 482,1 млрд. теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2015 жылы жалпы құны 202,6 млрд.теңгеге 275 жоба мақұлданған. Сондай-ақ, бүгінде облыста ауылды жерлерден шыққан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында арнайы бағдарлама әзірленуде. Аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлерге бар болғаны 0,5 пайызбен субсидия беру жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.