Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда әскери журналистерді дайындайтын болады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда әскери журналистерді дайындайтын болады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2016298 Views

    ҚР Қорғаныс министрлігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери шараларды жазатын журналистерді дайындау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады ҚазТАГ ақпарат агенттігі. Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, бүгін, 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери іс-шараларды жария ететін журналистерді даярлау саласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Әскери журналистерді дайындау» – уақыт талабы. Журналистерге бейбіт жағдайда ғана емес, экстремалды, жауынгерлік жағдайда да жұмыс жасай білуді үйрену қажет», – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров. Меморандумның негізгі бағыты – еңбек нарығында сұранысқа ие әскери журналистика саласында мамандарды даярлау және әскери журналистерді даярлау жөніндегі бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Бұдан басқа, құжат білім мен ғылым саласында тиімді ынтымақтастықтың құқықтық негізі, зерттеу жұмыстарын, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда негіз болмақ. Сонымен қатар меморандум қорғаныс ведомствосы және жоғары оқу орны өкілдерінің білім беру деңгейі мен ғылыми біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсетуге ықпал етеді. Меморандумға қол қою шеңберінде алғашқы іс-шара жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенттері алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинарына қатысады. Үш күн ішінде әскери қызметші нұсқаушылар теориялық және практикалық сабақтарда болашақ журналистерді қарулы қақтығыс аймақтарында жұмыс жасау негіздері мен әскери іс-қимылдарды жария етуді үйретеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.