Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте қоғамдық көліктерге электрондық валидаторлар орнатылады
    Жаңалықтар

    Шымкентте қоғамдық көліктерге электрондық валидаторлар орнатылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.01.2016190 Views

    Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар көліктеріне бірыңғай жаңа үлгідегі электрондық валидаторлар орнатылатын болады. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев осылай деп мәлім етті. Шымкент қаласының әкімдігі мен кореялық «Korea Smart cart» кәсіпорнының басшылары арасында қол қойылған екіжақты меморандумның нәтижесінде, еліміздің үшінші мегаполис қаласында осынау заманауи жүйе іс жүзінде жүзеге асырылатын болды. Айта кетерлігі, электрондық валидаторлардың бірнеше тиімді тұсы бар. Яғни, қала тұрғындарының әрбіріне жеке төлем карталары берілетін болады. Осы арқылы жолаушылар өзі қалаған сомада карта есеп-шотын толтырып, қоғамдық көліктерде электрондық қызметті пайдаланбақ. Қаладағы автотранспорт қауымдастығы басшыларының ұсынуымен алдағы қалалық сессия мәжілісінде сәуір айынан бастап жолақы құнын 70 теңгеге көтеру мәселесі қойылмақ. Алайда, жолақы құны қымбаттағанмен студенттер үшін бастапқы баға қаз — қалпында сақталмақ. Сондай-ақ, бірінші топ мүгедектері мен Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалануына мүмкіндік беріледі. Жолкіресі өсуінің себебін жауапты мамандар қоғамдық көліктер үшін қосалқы бөлшектер құнының екі есеге дейін қымбаттап кетуімен байланыстырды. Бағаны көтеру арқылы қоғамдық көлік компанияларына автобустарды жаңалау талабы жалғасын табатын болады. Бұл ретте, аталмыш бөлім басшысы жоғарыда айтылған талапқа сәйкес, 2013 жылдан бері қалаішілік бағыттарда қатынайтын 500-ге жуық жаңа автобустың жеткізілгенін атап өтті. Алдағы уақытта шаһарда 400-дей қоғамдық көлік жаңалауды қажет ететіндігін жеткізді.12493952_1689193437993683_3611574916415878887_o

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.