Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-ның басқару схемасына өзгерістер енгізілді
    Жаңалықтар

    ОҚО-ның басқару схемасына өзгерістер енгізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.01.2016221 Views

    Жұма күні өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 46-сессиясы өтті. Күн тәртібінде – ОҚО-ның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы, «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» ОҚО мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ОҚО-ның басқару схемасы және «ОҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ жайлы ережені бекіту жайлы 4 мәселе қаралды. Жиында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан қабылдап, бекітті.  ОҚО-ның басқару схемасы бойынша облыстық әкімдікке қарасты 19 басқармадан кейбір міндеттер алынып, жаңадан қосылған 4 басқармаға жүктелетін болды. Яғни, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасынан жастар саясаты бөлініп шығып, жеке дара басқарма ретінде жұмысын жалғастыратын болды. Бұрынғы басқармадағы тілдерді дамыту істері облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасына қосылды. Сонымен бірге, бұдан былай облыстық жер қатынастары және жердің падаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы ОҚО жер қатынастары басқармасы және ОҚО жер инспекциясы басқармасы ретінде жұмысты жалғастырмақ. Ал облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының міндеттері өзгертіліп, ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып жеке жұмыс жасамақ. Жиын соңында өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне атсалысқан бірқатар азаматтар «ОҚО-ның Құрмет грамотасымен» марапатталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.