Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктің өз бренді қалыптаспақ
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктің өз бренді қалыптаспақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.01.2016227 Views

    Бейсенбі күні облыс әкімдігінде  Оңтүстік Қазақстан облысының бренді ретінде дайындалған жобалар таныстырылымы бойынша жиналыс өтті. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың  төрағалығымен өткен жиында Оңтүстік өлкесінің барша құндылықтарын бір таңбаға сыйдырған үлгілер баяндамасын ҚР Суретшілер одағының мүшесі С.Буксиков жасады. Өңірдің тарихы мен мәдениетін зерттеу нәтижесінде суретші қонақжай халқымыз бен экотуризм, өңірдің Ұлы Жібек жолының жүрегі және қызғалдақтар отаны екенін басымдыққа алып, 20 шақты бренд жобасының үлгісін көрсетті. Жұмыстарды әзірлеу кезінде суретші облыстың бірегей құндылықтарын көрсетуге тырысқан. Бұл ретте ол әлемнің алып қалалары Париж – романтика, Дубай – сенімділік, Гонконг – сауда-саттық, Милан – стиль, Нью-Йорк – энергия елі екені ретінде танылғанын мысал етті. Жиында көрсетілген барлық таңбалар бойынша облыс басшысы С.Бурсиковқа сын, ескертпелерін айтып, кей логотиптерді толықтыруға ұсыныс жасады. Сонымен қатар, өңірімізге шақыратын жарнамалық билбордтар дайындап, оны республиканың алып шаһарларына ілуді, ғаламтор желісі арқылы шет елдерге де танытуды ұсынды. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы нарыққа экспорталатын жергілікті өнімге облыс таңбасы жапсырылып, босатылуы керектігін айтты. Мұнан бөлек, облыстың аудан, қалаларын айғақтайтын арнайы бренд жасауды ұсынды. Күн тәртібінде, «Ontustik Sapa» тауарөндірушілері мен жеткізушілерінің қауымдастығын құру жөнінде ұсыныс тыңдалды. Сондай-ақ, Ресей нарқындағы отандық тауарларды ілгерілету жобасы аясындағы көрмеге жергілікті кәсіпкерлердің қатысатындығы айтылды. Мұнан бөлек, жиында Ресей Федерациясының аймағында «Оңтүстік Қазақстан» экомаркеттер желісін ашу (Мәскеуде – 7, Санкт-Петербургте – 1, Томскіде — 2) ұсынылды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.