Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыстық сот залдары аудиобейнетіркеу жүйесімен жабдықталуда
    Жаңалықтар

    Облыстық сот залдары аудиобейнетіркеу жүйесімен жабдықталуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.01.2016176 Views
    Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын айтқан болатын. Және мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енгенін де хабарлады. ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде жұма күні өткен брифингте ОҚО сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Ұлт жоспарында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» реформасында сот жүйесіне қатысты 11 мақсатты қадамның көрсетілгенін айтып, аймақтағы іске асыру жұмыстарынан мысал келтірді. «100 нақты қадамның 20-қадамында көрсетілген міндеттерге қатысты, сот жүйесінде бірқатар жұмыстар іске асырылды. Мәселен, бүгінгі таңда Жоғарғы Соттың жанындағы департамент тарапынан барлық сот процестеріне аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Былтыр ОҚО бойынша 33 сот залы АБТ жүйесімен жарақтандырылған болса, биыл жыл басында олардың саны 46-ға жетті. Сот залдарындағы аудио және видеожазу жазбаларын тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Бұл судьяларды және сот мәжілісіне қатысушыларды да тәртіпке шақырып, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді. Жалпы, облыста 102 сот залы бар», — деді сот төрағасы.
    12402004_1527964670864474_6046370476456950228_o
    Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытында медиа-жоспар бекітіліп, облыста жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мәселен, өңірдегі 181 судья аудан, қалалардағы ірі кәсіпорындармен және мемлекеттік мекеме ұжымдарымен кездесіп, оларға 16-26-қадамдарда айтылған мәселелерді жан-жақты түсіндіріп, жергілікті әкімдермен бірлесіп елді мекендерді аралады. Осы бағытта облыс соттарының судьялары мен қызметкерлері тарапынан БАҚ-та 434 материал жарық көрген.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.