Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Кәріз коллектердің жарылуына байланысты тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
    Жаңалықтар

    Кәріз коллектердің жарылуына байланысты тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.01.2016434 Views

    Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» шағын ауданы (Чапаевка) Лермонтов №1 «Б» және Ташкент №2 «А» көшелеріндегі үйлердің арасында Деповская көшесі №21 үйдің ауласында 2016 жылы 3-4 қаңтар күндері аралығында диаметрі 1000 мм кәріз коллекторы жарылған. Нәтижесінде жер опырылып, жер бетінде диаметрі 2х2 метр мұржалар пайда болды. Соның салдарынан кәріз коллектордың үстіндегі жер толық опырылып, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайға алып келу қаупі туындады. 1964 жылы салынған кәріз коллекторы 3-4 метр тереңдіктен өтеді. Оның жалпы ұзындығы 5,6 шақырым. 2016 жылы 6 қаңтарда құзырлы органдар кәріз коллектордың техникалық жағдайын зерттеп шығып, коллектордың тозығы жеткендігін және тордың шіріп кеткендігін анықтаған. Кәріз коллектордың санитарлық қорғаныс аймағында 100-ден аса тұрғыны бар 23 үй бар. Оның үстінде 5 тұрғын үй салынған. Осы учаскеде салынған барлық 115 үй жекешелендіру арқылы заңдастырылған. Кәріз коллекторы басқа жерде жарылған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, тұрғын үйлердің қирауы мүмкін. 2016 жылғы 6 қаңтарда Шымкент қаласы әкімінің басшылығымен жедел түрде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізіліп, «Жергілікті маңыздағы төтенше жағдай» жарияланған. 2016 жылы 7 қаңтарда осы учаскеге қосымша комиссиялық зертеу жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл жерде басқа опырылымдар жоқ. Қала әкімшілігі Лермонтава №1 «Б» және Ташкент №2 «А» көшелеріндегі 13 тұрғынды қауіпсіз жерге көшіруде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.