Дүйсенбі күні облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ОҚО ІІД бастығы Асқар Оспановты және де жаңадан тағайындалған ОҚО ІІД-нің бірінші орынбасары Сәкен Айтбеков пен ОҚО ІІД-нің орынбасары М.Қожабаевты қабылдады. Онда облыс әкімі қызметке жаңадан кіріскен Ішкі істер департаментінің екі орынбасарын құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесуде құқық қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар жайы сөз болып, облыстағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жайы талқыланды.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










