• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Су ресурстары комитетінің төрағасы Шардараға келді

24.12.2015
0

Еліміздегі ең ірі аудандардың қатарына жататын Мақтарал мен Шардара арасындағы тікелей жол байланысын қайта орнату үлкен маңызға ие. Осылай деген жергілікті азаматтар бүгінде онда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын қуаттайтынын жеткізді. Тек жол ғана емес, Шардара су қоймасына жиналатын тіршілік көзін сақтап қалатын бөгеттің де рөлін атқаратын нысанды, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбіш арнайы келіп аралады.3Көршілес Өзбекстан елімен шекаралас жатқан Шардара, Мақтарал аудандары еліміз үшін аса маңызды, шаруашылыққа белсенді және экономикасы нығайған аймақтардың қатарына жатады. Кеңес Одағы тұсында Өзбекстан жері арқылы тікелей қатынайтын екі ауданның арасындағы даңғыл жол бүгінде тарс жабық. Сондықтан шекарадағы ағайындар бір-бірімен айналма жол арқылы 150-160 шақырымды бағындырып қатынауға мәжбүр. Ал 2012 жылы осы аралықты екі есеге дейін қысқартатын жаңа құрылыстың жұмысы басталған болатын. Мемлекет, қала берді халық үшін аса қажетті нысан болғандықтан оның әрбір тиыны мақсатты жұмсалған дейді ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбіш.1Ауданның көнекөз қариялары мен жергілікті билік игіліктің істің бастау алғанын зор қуаныш деп біледі. Себебі біріне қажеттісін екіншісі түгендеп, бір-біріне сүйеу болып отырған көршілес аудандар үшін тікелей байланыстың орнауы қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отыр. Мұндағы құрылыс үшін әрбір сағат маңызды. Күні ертең судың деңгейі көтерілген жағдайда жұмыс істеу мүмкін болмай қалады. Сол себепті тәулік бойы тынымсыз жүретін жұмысты құрылысшылар ауысыммен үздіксіз жалғастыруда. Тіпті «ҚазСуШар» мекемесі мемлекеттен бөлінетін ақшаны күтіп отырмай-ақ өз қаржысына жұмысты бастап та жіберген. Әрине барлығы да уақыт үнемділігі үшін. Жалпы жоба бойынша құрылыс 29 шақырымға созылмақ. Ал биыл оның сол жақ жағалаудағы 10 шақырымына бетон құйылып бөгет жасау жұмысын аяқтау көзделіп отыр. Жоба толығымен іске асып, жол салынған жағдайда Шардара мен Мақтаралдық ағайынның арасындағы алтын көпір қайта орнаса нұр үстіне нұр болмақ.

Әбдімүтәлі ЖҰМАШ

Previous Post

Оңтүстікте күн электр станциясы салынады

Next Post

Оңтүстікте авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.