Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Келер жылдан бастап субсидия көлемі қысқартылады
    Жаңалықтар

    Келер жылдан бастап субсидия көлемі қысқартылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.12.2015Updated:24.12.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2016 жылдан бастап егін шаруашылығындағы гектарға берілетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарылату үшін төленіп келген  субсидиялар қысқартылатын болады. Бұл туралы  кеше «Қазақстан фермерлер Одағы» ұйымдастырған конференцияда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.05

    «Қазақстан Фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі еліміздегі фермерлерді қолдап мемлект тарапынан көрсетілетін қолдауларға қол жеткізулеріне ықпал жасау мақсатында жұмыс жасайды.  Бүгінгі таңда аталмыш одақтың  10 мыңнан астам мүшесі бар. Әрбір облыстарда филиалдары жұмыс жасайтын фермерлер Одағы жыл сайын атқарған жұмыстарына есеп беріп, ауыл шаруашылығы саласындағы түйіткілді мәселелер төңірегінде келелі кеңестер өткізіп отырады. Осы орайда қоғамдық бірлестіктің ОҚО-дағы филиалы ұйымдастырған конференцияға өңіріміздің әрбір аудан-қалаларынан келген 300-ге тарта фермерлер қатысты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау ұйымдарының өкілдері, аудан қала әкімдері де маңызды басқосуға арнайы шақыртылған. Конференция барысында мінбеге шығып сөз алған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров бірінші кезекте мемлекет тарапынан төленетін субсидияға қатысты мәселелерді баяндады. Айтуынша, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі соңғы жеті жыл ішінде 3,5 есе өскен. Алайда осыған қарамастан  шаруашылықтың жалпы өнім көлемінің өсімі мемлекеттік қолдау көлемінен төмен болып тұр. Осылай деген вице-министр бұл кейбір субсидиялардың ынталандыру тиімділігінің төмендігімен байланысты деп отыр. Бұған өсімдік шаруашылығындағы гектарға берілетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарылату субсидиялары жатады.  Аталмыш субсидиялар өнім тиімділігіне қарамастан егіс алқаптары мен өндірілген өнімге төленіп келген болатын. Сондықтан келесі жылдан бастап егін шаруашылығындағы гектарға берілетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарылату үшін төленіп келген  субсидиялар қысқартылып тасталатын болады. Осылай деген Сапархан Кесікбайұлы қаражат көлемі енді тек тиімділігі мол бағыттарға ғана  жұмсалатынын атап айтты. 04Айта кету керек, ауыл шаруашылығындағы қаржылай қолдау ендігі жерде инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, қосымша құн салығын субсидиялау, асыл тұқымды іс, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайтуға берілетін болады.02Осылайша егін шаруашылығындағы гектарға және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарылату үшін беріліп келген мемлекеттік қолдау түрлерінің әп-сәтте  қысқартылуы әсіресе өңір шаруалары үшін оңайға соқпасы анық. Өйткені, Оңтүстік өңірі негізінен егіншілік пен мал шаруашылығына бейімделген. Сондықтан сан мыңдаған сала еңбеккерлерінің қамына да көңіл бөліп тиісті шешімді жеті рет өлшеп барып қорытынды шығару қажет-ақ.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.