Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттің енді өз көркем гимнастика кешені бар
    Жаңалықтар

    Шымкенттің енді өз көркем гимнастика кешені бар

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.12.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Дүйсенбіде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған көркем гимнастика спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы көркем гимнастика шеберлерін дайындайтын заманауи спорт нысанында жаттығатын спортшылар мен облыс тұрғындарын құттықтап, алдағы уақытта облыстың әр ауданынан осындай спорт кешендерінің салынатынын жеткізді.спорт кешен1«Облысымызда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олардың саны қазіргі таңда 608 мыңнан асып жығылды. Осы жылдың өзінде Арыс, Шымкент, Түркістан қалалары мен Түлкібас, Сайрам аудандарында заман талабына сай спорт нысандары пайдалануға берілді. Осындай спорт кешендері облыстың әр ауданында салынатын болады. Бұл болашақ ұрпақтың денсаулығына, оның дұрыс жетілуіне жасалынып жатқан жақсы инвестиция деп ойлаймын. Біздің спорттың дамуына жасап жатқан жағдайымыз қазіргі таңда өз нәтижесін беруде. Оған алдағы жылы өтетін Рио-де Жанейро Олимпиадасына спортшыларымыздың 12 жолдаманы жеңіп алғандығы айқын дәлел», — деді облыс әкімі.спорт кешен4Әкімшілік-іскерлік орталығының маңынан бой көтерген нысан 8 блоктан тұрады. Мұнда спорттық арена, екі көрініс алаңы және 700-ден астам көрерменге арналған трибуна бар. Сонымен қатар, 6 жаттығу залы, хореография залы мен венткамера, буфет, медпункт және егу бөлмесі, спортшылардың киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ, 4 бір орындық қонақжай бөлмесі, екі орындық 6 номер, бассейн, 38 адамға арналған екі орындық жатын бөлмесі мен галерея бар.спорт кешен2Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың көркем гимнастика түрі бойынша 1 — облыстық, 1 — Шымкент қалалық және 1 — Кентау қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыстар жүргізіліп, дамытылуда. Онда барлығы 23 жаттықтырушы 345 балаға оқу жаттығу жұмыстарын жүргізеді. 2015 жылы облыс спортшылары көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 8 алтын, 25 күміс, 16 қола медальдерге қол жеткізген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.