Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте студенттер жатақханасы ашылды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте студенттер жатақханасы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.12.20151 029 Views

    Апта басы дүйсенбіде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Сапар барысында министр өңір басшысы Бейбіт Атамқұловпен кездесіп, аймақтағы үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайту, балаларды техникалық мамандықтарға баулу жайын сөз етті. Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі апатты ғимаратта орналасқан мектептердің орнына жаңа 24 білім ошағы салынып, пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде, облыстағы 46 апатты мектептің қалған 17-сі алдағы жылдары шешімін табатын болады. Сондай-ақ, үш ауысымды білім беруді жою бағдарламасы шеңберінде келер жылы 11 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде. Еліміздің бас мұғалімі Оңтүстікке жасаған жұмыс сапары аясында «Нұрлы Жол» бағдарламасының – жаңа экономикалық саясатына және мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлайтын 10 базалық колледж қатарына кіретін Жаңа технологиялар колледжі мен Шымкенттегі үш ауысымды екі мектепте болып, түс ауа министр мен өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратының жанынан бой көтерген «Студенттер үйі» жатақханасының ашылу салтанатына қатысты.жатақхана3

    жатақхана22012 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Студенттік баспана» мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Осы жылдар ішінде жаңа жатақханалардың құрылысы Президент бақылауында болды. Студенттер үйі 588 орынға шақталған. Жалпы көлемі 9 398 ш.м. құрайтын жаңа секциялық түрдегі 5 қабатты жатақхана 2 және 3 орындық 232 бөлмеден тұрады. Жиһаздармен қамтылған әр секцияда душ бөлмелері қарастырылған.жатақхана1

    Сонымен қатар, жатақханада 6 демалыс бөлмесі, оқу залы, жабдықталған компьютерлік сынып және жаттығу залы, тоқ плитасы мен 10 ортақ асхана бар. Республикалық бюджет есебінен салынған ОҚМУ жатақханасы 2015 жылы Қазақстанда ашылған жатақханалардың есебі бойынша жетінші ғимарат. Айта кетейік, 2016 жылы елімізде тағы 4 жоғары оқу орнының жатақханасының құрылысы аяқталады деп күтілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.