Ел Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойында Елбасының Жарлығына сәйкес оңтүстіктің көптеген азаматтары мемлекеттік наградаларға ие болды. Қазақ халқы үшін ұлық күнде ОҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы қызметін абыройлы атқарып келе жатқан тау тұлға Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.