Облыс әкімі Б.Атамқұловтың өкімімен Марғұлан Марайым ОҚО Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып тағайындалды. Марғұлан Зұлхарнайұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы экономист-менеджер, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының Аманкелді колхозында бастап, Шымкент қаласында бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдарда басшылық қызметтер атқарған. 2007-2012 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі болған. Кейінгі уақыттарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау және Өңірлік даму министрліктерінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, осы комитеттің Қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу және жинақтау талдау басқармасының басшысы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, осы комитеттің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жанғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» дамыту қорының басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2015 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары – бас инженер болып еңбек етіп келді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...










